Өткен аптада Батыс Қазақстан облысының аумағында 140 қылмыс тіркелді

Өткен аптада Батыс Қазақстан облысының аумағында 140 қылмыс тіркелді

Өткен аптада Батыс Қазақстан облысының аумағында 140 қылмыс тіркелді. Тіркелген қылмыстың 94-ы ашылды. Оның ашылу деңгейі 67,1%-ды құрады.

 Соның ішінде:

  • 18 ауыр қылмыстың 10-ы ашылды. Ашылу көрсеткіші 55,6%-ды құрады.  

        Қылмыстың түрлеріне тоқтала кетсек:

        Аталған қылмыстың түрлері бойынша  денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру -3, тонау-3, айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы-2, қаруды, оқ - дәрілерді, жарлығыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру-7, бұзақылық-6,  есірткі заттарын сату мақсатынсыз заңсыз сақтаудың-6, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу - 9,аталған фактілердің  барлығы дерлік ашылды.

Сонымен қатар:

  • Жалпы бөтен мүлікті ұрлаудың 42 фактісі тіркелді. Оның 16-сы (38,1%) кезекші тәулікте  ашылды.
  • Ашылмаған барлық қылмыстар бойынша оларды ашуға бағытталған қажетті жедел-іздестіру іс-шараларының кешені жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың басынан арнайы іс-шараларды жүзеге асыру барысында бұрын жасалған 510 қылмыс ашылды.

                    Жол қауіпсіздігі бойынша

Облыс бойынша  есепке алынатын 7 жол апаты  тіркеліп, оның салдарынан  6 адам дене жарақатын алса, өкінішке орай  3 адам көз жұмды.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі сыртқы бейнебақылау камераларының рөлі

          Ағымдағы жылдың басынан Орал қ.ПБ Жедел басқару орталығының «102» арнасына әртүрлі санаттағы барлығы

47 036, хабарлама келіп түскен, оның ішінде: 1 469 факті қылмысқа қатысты.

         Өткен аптада Орал қ.ПБ Жедел басқару орталығының сыртқы бейне бақылау камераларының 314 әкімшілік құқық бұзушылық, соның ішінде: 39 ұсақ бұзақылық, 17 қоғамдық орындарда ішімдік ішу, 254 жолда жүру ережелерін бұзу, 4 өзге де құқық бұзушылықтар анықталды.

          Ағымдағы жылдың басынан Батыс Қазақстан аумағында 2 598 қылмыс тіркелді. Тіркелген қылмыстың       1 600-ы ашылды. Оның ашылу деңгейі 61,6%-ды құрады.

- 17 аса ауыр қылмыс 50% ашылды.

- 470 ауыр қылмыстың, 311-і (66,1%) ашылды.

                                                                                    БҚО ПД баспасөз қызметі