Өткен аптада Батыс Қазақстан облысының аумағында 132 қылмыс тіркелді

Өткен аптада Батыс Қазақстан облысының аумағында 132 қылмыс тіркелді

    Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары!

Өткен аптада Батыс Қазақстан облысының аумағында 132 қылмыс тіркелді. Тіркелген қылмыстың 89-ы ашылды. Оның ашылу көрсеткіші 67,4%-ды құрады.
Соның ішінде:
✓ 18​ауыр қылмыстың 12-і ашылды. Ашылу көрсеткіші 66,7%-ды құрады.
Қылмыстың түрлеріне тоқтала кетсек:
​Аталған қылмыстың түрлері бойынша денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру-2, денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру-2, қауiптi жағдайда қалдыру-1,қорқытып алушылық-1, көлікті ұрлап айдап кету-3, айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы-1, ​ қаруды, оқ - дәрілерді, жарлығыш заттарды және жарылыс құрылғыларынзаңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру-12,бұзақылық-1, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу-5, өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу–1,аталған фактілердің барлығы дерлік ашылды.
Сонымен қатар:
✓ 22 алаяқтықтың 9-ы (40,9%), 6 тонаудың 5-і (83,3%), 2 жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзудің 1-і (50,0%) ашылды.
✓ ​Жалпы бөтен мүлікті ұрлаудың 47 фактісі тіркеліп, оның 27-і (57,4%) кезекші тәулікте ашылды.
• Ашылмаған барлық қылмыстар бойынша оларды ашуға бағытталған қажетті жедел-іздестіру іс-шараларының кешені жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың басынан арнайы іс-шараларды жүзеге асыру барысында бұрын жасалған 488 қылмыс ашылды.

            Жол қауіпсіздігі бойынша

Облыс бойынша есепке алынатын 3 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оның салдарынан 4 адам дене жарақатын алса, өкінішке орай 3 адам көз жұмды.

           Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі сыртқы                 бейнебақылау камераларының рөлі

Ағымдағы жылдың басынан Орал қ.ПБ Жедел басқару орталығының «102» арнасына әртүрлі санаттағы барлығы 44 436 хабарлама келіп түскен, оның ішінде: 1 397 факті қылмысқа қатысты.

Өткен аптада Орал қ.ПБ Жедел басқару орталығының сыртқы бейне бақылау камераларының 310 әкімшілік құқық бұзушылық, соның ішінде: 29 ұсақ бұзақылық, 21 қоғамдық орындарда ішімдік ішу, 259 жолда жүру ережелерін бұзу, 1 өзге де құқық бұзушылықтар анықталды.

Естеріңізге сала кетейін, ағымдағы жылдың басынан Батыс Қазақстан аумағында 2 458 қылмыс тіркелді. Тіркелген қылмыстың 1 506-ы ашылды. Оның ашылу деңгейі 61,3%-ды құрады.

- 15 аса ауыр қылмыс 100,0% барлығы ашылды.

- 452 ауыр қылмыстың 301-і (66,6%) ашылды