ЗАҢСЫЗ ҚАРУ САҚТАҒАН ШЫҢҒЫРЛАУ ТҰРҒЫНЫ ҰСТАЛДЫ

ЗАҢСЫЗ ҚАРУ САҚТАҒАН  ШЫҢҒЫРЛАУ ТҰРҒЫНЫ ҰСТАЛДЫ

БҚО аумағында  8 және 12 ақпан аралығында  заңсыз қару айналымын анықтауға және жолын кесуге бағытталған жедел алдын алу іс-шаралары жүргізілді. Мәселен,  іс-шарасы барысында Заңсыз қару сақтағаны үшін Шыңғырлау кентінде 1959 ж.т, Б есімді  азамат ұсталды. Тұрғылықты жеріне сот  санкциясы бойынша  тінту жүргізіле отырып,  БҚО ПД қызметкерлері үйден  тіркелмеген тегіс ұңғылы аңшылық мылтық, 31 дана аңшылық патрондары бар бір патронат, 42 аңшылық патрон, 8 қағаз қорап капсюльдер, бір полиэтилен пакет капсюльдер, 5 металл банка оқ-дәрі, бір қағаз қорап оқ-дәрі, 4 шүберек қап және бір қағаз қорап оқ-дәрі, 39 дана оқ-дәрі гильзасы, 2 патрондарды зарядтауға арналған, өлшегіш таразы, 8 дана металл өлшегіш, патрондарды зарядтауға арналған пыжы бар бір полиэтилен пакет, 171 дана 12 калибрлі гильзалар, жасыл түсті өсімдік тектес затпен, ерекше иісі бар екі қағаз түйіншекті тәркіледі.  Олардың аналогтары мен прекурсорларының есірткі заттарын зерттеу бойынша сараптама, баллистикалық зерттеу тағайындалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі (қаруды заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.