БҚО аумағында республикалық «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

БҚО аумағында республикалық  «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

2021 жылғы  17-19 ақпан аралығында БҚО аумағында республикалық  «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Аталған шараның мақсаты – жүргізушілер арасында көліктік тәртіп пен жол-көлік оқиғаларының санын төмендету.

       Аталған кезең аралығында БҚО полиция департаментінің қызметкерлері көлік құралдарының жүргізушілері тарапынан 2 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Атап айтқанда, заңсыз қайта жабдықтауға 25 азамат, техникалық байқаудан өтпегені үшін - 71, жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін белгілеудің 1 фактісі анықталды. Жүргізушілер арасында ең көп тараған әкімшілік құқық бұзушылық – жылдамдық режимін асыру (660 факті анықталды) және қауіпсіздік белдігін пайдаланбау (204 факті). Жедел алдын алу іс-шарасының үш күнінің ішінде 60-тан астам жүргізуші жүріп-тұру кезінде ұялы телефондарды пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 Мас күйінде басқарғаны үшін 42 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Көлік құралын басқару құқығынан айырылған 8 жүргізуші ұсталды, оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, көлік құралдары арнайы автотұраққа қойылды. Әр түрлі құқық бұзушылықтар үшін барлығы 49 көлік арнайы автотұраққа орналастырылды.

13 ақпаннан бастап "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол қозғалысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң күшіне енді, бұл жүргізушілерге жүргізуші құжаттарының қағаз нұсқаларын өзімен бірге алып жүрмеуге мүмкіндік береді. Тек өзімен бірге бір ғана құжат – жеке басты куәландыратын құжат болуы тиіс.

Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігін, техпаспортты, сақтандыру полисін, сондай-ақ техникалық байқаудан өткенін растайтын құжатты полицей планшет арқылы тексереді. Ал Интернет желісіне қолжетімділік жоқ елді мекендерде және трассаларда-тексеру радиобайланыс арналары арқылы жүзеге асырылатын болады. Жаңа нормалар қазақстандық жүргізуші куәлігі жоқ шетелдіктерге және Қазақстанда тіркелмеген көлік басқарушыларына әсер етпейді.

Жедел алдын алу іс-шарасы барысында көлік құралын басқаруға рұқсат беретін құжаттың өзімен бірге болмауының 73 фактісі анықталды.

Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 207 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

БҚО полиция департаменті жүргізушілер мен тұрғындарды сақтық шараларын сақтау, жол қозғалысы ережелерін бұзбау қажеттігі туралы ескертеді. БҚО Полиция Департаменті жүргізушілер мен тұрғындардың жол ережелерін бұзбай,  сақтық  шараларын ұстану керектігін ескертеді.  Барша адамдардың қауіпсіздігі, олардың дін-аман жүруі үшін бәріміз  үшін өте маңызды. Әсіресе, мынадай қысымыр қыстың кезінде жылдамдықты асырмай, көлікке мас күйінде мінбей,  ауа-райының мәліметіне сүйеніп алыс жолға шықпауларыңыз сұралады. Сізді әрқашан үйіңізде  отбасыңыз күтіп отыратынын ұмытпаңыз.