"Anti-fraud" жедел алдын алу іс-шарасы Батыс Қазақстан облысының аумағында өтілді.

"Anti-fraud" жедел алдын алу іс-шарасы Батыс Қазақстан облысының аумағында өтілді.

Полиция тарапынан айтылған ескертулерге құлақ түрсе, облыс тұрғындары Интернет желісінде алаяқтардың қулықтарына түспес еді. Веб – сайттар мен әлеуметтік желілердегі жарнамалар арқылы  алаяқтар өз пайдаларын оңай іске асыра алады. Жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысының полициясында интернет-алаяқтықтың 80-нен астам фактісі тіркелген. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы құқық бұзушылықтарға, сондай-ақ авторлық және сабақтас құқықтарды бұзушылықтарға қарсы күрес жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында ағымдағы жылғы 9-11 ақпан аралығында өңір аумағында "Anti-fraud"  Республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Жедел іс-шараны өткізу барысында бір күннің ішінде бұрын жасалған алаяқтықтың 8 фактісі ашылды. Мәселен, Батыс Қазақстан облысының 4 тұрғыны Атырау қаласында жұмысқа орналасу сылтауымен жалпы сомасы 370 000 теңгеден астам ақша қаражатын иемденген. Салдарынан Атырау қаласының 29 жастағы тұрғынының алаяқтық әрекеттерінен зардап шекті. 4 ер адам отбасы бюджетін өзгертпек мақсатта  және алаяққа қарағанда жоғары жалақы алғысы келді. Whatsapp мессенджері арқылы ол жоғары ақы төленетін жұмыс орындарына үміткерлермен хат алмасып, олардың шотына ақшалай қаражатты сыйақы ретінде аударуды ұсынды. Оқиға 2019 жылы болған. Байланысқан сәттен бастап бір жылдан астам уақыт өтсе де, жұмысқа орналаспаған,  берген ақшаларын  қайтара алмай әлек болған  ер адамдар полицияға өтінішпен жүгінуді шешті. Өткізілген іс-шаралар барысында БҚО ПД КПБ қызметкерлері осы алаяқтық әрекеттерді жасауға  1991 жылы туған С есімді азаматтың  қатыстылығын анықтады.  Ол қазіргі уақытта Атырау облысының түзеу мекемесінде осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін жазасын өтеп жатыр. Көбінесе аңқау азаматтар  әдемі суретке түсіп,әлеуметтік желіге салып қоятын  алаяқтардың "қармағына" оңай түсіп қалып жатады.  Ақмола облысының 39 жастағы тұрғыны осындай оқиғаға тап болған. "OLX" қосымшасы арқылы ол жалға берілетін пәтер тауып, белгісіз  иесімен байланысқа шыққан. Телефон арқылы жалдау шартының талаптарын талқылай отырып, үй иесінен  бастапқы жарты соммасын аудару керектігін айтқан. Алайда, аударымды алғаннан кейін, алаяқ телефонды өшіріп, көзден ғайып болады. Жәбірленуші оның жай ғана ақша үшін алаяқтың тұзағына түскенін түсініп, полицияға жүгінді. Осы қылмысты жасағаны үшін бірнеше рет алаяқтық әрекеттер жасағаны үшін тартылған Орал қаласының 25 жастағы тұрғыны анықталды. Алаяқ ұсталды және Нұр сұлтан қаласында этапталды. Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР ҚК 190-бабында көзделген бірнеше эпизодтар (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 2020 жылдың қараша айында Батыс Қазақстан облысының 44 жастағы тұрғыны дизель отынын ұқсас бағамен сатып алуға шешім қабылдады. Белгісіз біреу оған ұялы телефонға қоңырау шалып, отын үшін төлем ретінде 200 000 теңгеден астам ақша қаражатын карточкалық шотқа аударуды ұсынды. Аударым жіберілді, бірақ жанармай жоқ және алаяқта  жоқ. Қабылданған шаралармен бұрын бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған Атырау облысының 56 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды.

Сондай –ақ,  "Anti-fraud" жедел-алдын алу іс-шарасы және әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полиция қызметкерлері порнографиялық материалдарды заңсыз таратудың үш фактісін анықтады. Аталған қылмыстарды жасағаны үшін Орал қаласының 2 тұрғыны және Түркістан облысының 28 жастағы тұрғыны ұсталды. Олардың әрқайсысына қатысты ҚР ҚК 311-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті азаматтарды алаяқтардың айла-амалдарына түспеуге шақырады және интернеттегі ақпаратқа тым көп сенсеңіз, сіз өзіңіздің барлық жинақтарыңыздан айырылып қалуыңыз мүмкін екенін ескертеді. Өз әрекеттеріңізде абай және сақ болыңыз!

БҚО ПД Баспасөз қызметі