Батыс Қазақстан облысында 21–23 қыркүйек аралығында «Мотокөлік» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
ЖПІШ барысында патрульдік полиция қызметкерлері «Озинки – Орал» автожолында мотокөлік жүргізушісін тоқтатты.
Тексеру кезінде жүргізушінің көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны, сондай-ақ медициналық куәландыру нәтижесінде алкогольдік мас күйінде болғаны анықталды.
Мотокөлік арнайы тұраққа қойылды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция көлік құралын мас күйінде басқару ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін ескертеді және жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.