БҚО-да полицияның үздік қоғамдық көмекшілері анықталды

БҚО-да полицияның үздік қоғамдық көмекшілері анықталды

Батыс Қазақстан облысының полиция департаментінде құқық бұзушылықтардың профилактикасына және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын полицияның қоғамдық көмекшілері арасында "Қалалық және ауылдық жерлердегі үздік полицияның қоғамдық көмекшісі" конкурсы өткізілді. Конкурстың мақсаты – қоғамдық көмекшілерді ынталандыру, олардың құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы белсенділігін арттыру және оң тәжірибесін насихаттау. 7-15 қыркүйек аралығында өткен конкурс барысында қатысушылардың құқық бұзушылықтардың алдын алу іс-шараларына, рейдтер мен акцияларға, халықпен кездесулерге қатысуы, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі, сондай-ақ полиция қызметкерлеріне көрсеткен көмегі ескерілді.