
«Есірткісіз аумақ» ақпараттық-профилактикалық науқаны аясында БҚО ПД Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, Қала күніне орай есірткіге қарсы профилактикалық іс-шара өткізді.
Мерекелік шараға жүздеген тұрғын қатысты. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері азаматтарға есірткінің зияны, оны таратудың салдары және заңнамада көзделген жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында әлеуметтік жарнамалар мен ақпараттық материалдар орналастырылып, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға ерекше көңіл бөлінді.
Акцияның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, есірткінің таралуына жол бермеу және қауіпсіз қоғам қалыптастыру.