Адал азамат – ел тірегі: ПОЛИЦИЯ, МЕКТЕП, АТА-АНА ОРТАҚ ТӘРБИЕ ЖОЛЫНДА

Адал азамат – ел тірегі: ПОЛИЦИЯ, МЕКТЕП, АТА-АНА ОРТАҚ ТӘРБИЕ ЖОЛЫНДА

Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Орал қаласының №46 мектебіндегі Иват Мумбаев атындағы «Жас сақшы» полиция сыныбының оқушыларымен кездесу өткізді.

Жиынның негізгі мақсаты – полиция, мектеп және ата-ана арасындағы байланысты нығайта отырып, жас сақшыларды отансүйгіштікке, адалдыққа, жауапкершілікке, тәртіп пен заңды құрметтеуге.

Полиция департаменті қызметкерлерінің бастамасымен өткізілген бұл кездесуге мектеп әкімшілігі, «Жас сақшы» сыныбы оқушыларының ата-аналары қатысты. Жеке құраммен жұмыс басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Сержан Есимов, музей меңгерушісі Алтын Қадырғалиева, Арнайы кәсіби даярлығы басқармасының аға инспекторы, полиция капитаны Бейбіт Шакиров және Орал қаласы патрульдік батальонының психолог-инспекторы Алтынгүл Узенбаева сөз сөйледі.Кездесу барысында мектеп директоры Мөлдір Жұмағазиева сөз сөйлеп, жиынның маңыздылығына тоқталды.

Жиын барысында «Жас сақшы» сыныбы оқушыларына құқық қорғау органдарының оқу орындарына түсу тәртібі, полиция қызметіне жұмысқа орналасу кезінде ескерілетін негізгі талаптар түсіндірілді.

Сонымен қатар жаңа оқу жылына жоспарланған жұмыстар мен оқушылардың кәсіби бағдарын арттыруға бағытталған іс-шаралар таныстырылды.

Ата-аналар тарапынан балалардың денсаулығы мен дене дайындығына, сондай-ақ ҰБТ кезінде таңдалатын пәндерге қатысты сұрақтар қойылып, мамандар тарапынан тиісті түсіндірмелер берілді.

Мұндай кездесулер жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың болашақ кәсіби жолын саналы түрде таңдауға мүмкіндік береді.