БҚО-да "Тасымалдаушы" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

БҚО-да "Тасымалдаушы" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Батыс Қазақстан облысының аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заңсыз жолаушылар тасымалының жолын кесу және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында "Тасымалдаушы" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері қоғамдық көліктерге тексеру жүргізіп, көлік құралдарының техникалық жай-күйіне, қажетті құжаттардың болуына, жолаушыларды тасымалдау кезінде заңнама талаптарының сақталуына, сондай-ақ осы саладағы заңсыз кәсіпкерлік қызмет фактілерін анықтауға және жолын кесуге ерекше назар аударуда.

Жедел-профилактикалық іс-шара барысында Орал қаласы аумағында жол қозғалысы ережелерінің 265 құқық бұзушылығы анықталды.

Оның ішінде:

11 дерек – жолаушылар тасымалы саласында заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру;

7 дерек – қарсы бағыттағы қозғалысқа арналған жолаққа шығу;

16 дерек – автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларының талаптарын бұзу. Анықталған барлық құқық бұзушылықтар бойынша кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жедел-профилактикалық іс-шара жалғасуда.

Полиция тасымалдаушылар мен жол қозғалысына қатысушыларды Жол қозғалысы қағидаларын және жолаушылар тасымалы саласындағы заңнама талаптарын қатаң сақтауға шақырады.