
2026 жылғы 8–12 маусым аралығында облыс аумағында заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және көші-қон заңнамасының сақталуын бақылау мақсатында «Заңсыз келуші-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның алғашқы төрт күнінде құқық қорғау органдары тарапынан барлығы 166 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Анықталған құқық бұзушылықтардың ішінде:
шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы бойынша – 109 дерек;
шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке және заңды тұлғалардың көші-қон заңнамасын бұзуы бойынша – 38 дерек тіркелді.
Сонымен қатар, сот шешімімен 4 шетел азаматын Қазақстан Республикасының шегінен шығару туралы шешім қабылданды.
Іс-шара барысында іздеуде жүрген 2 қылмыскер ұсталды. Қазақстан Республикасының аумағынан 2 шетел азаматы мәжбүрлі түрде шығарылып, 8 шетел азаматының елімізде болу мерзімі қысқартылды.
Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өту бойынша 1 факт және заңсыз көші-қонды ұйымдастыру бойынша 1 факт анықталды.
Облыс аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау, заңсыз көші-қон фактілерінің алдын алу, анықтау және жолын кесу, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу қағидаларын сақтауын бақылау бағытындағы жұмыстар жалғасуда.