БҚО полиция департаментінде консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті

БҚО полиция департаментінде консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті

БҚО полиция департаментінде консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті. Отырысқа БҚО полиция департаменті бастығының орынбасары Қадыржан Сағын, консультативтік-кеңесші органның төрағасы мен мүшелері, сондай-ақ департамент басқармаларының басшылары қатысты. Жиын барысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы өзекті мәселелер қаралды. Күн тәртібінде мал ұрлығының алдын алу және интернет-алаяқтыққа қарсы профилактикалық жұмыстар мәселелері талқыланды. Мал ұрлығы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, мал иелерімен және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды күшейту, сондай-ақ ауылдық жерлерде профилактикалық іс-шараларды жандандыру қажеттілігі сөз болды. Сонымен қатар интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселесіне ерекше назар аударылды. Алаяқтардың әлеуметтік желілер, мессенджерлер және телефон қоңыраулары арқылы азаматтарды алдаудың түрлі тәсілдерін қолданатыны атап өтілді. Осыған байланысты полиция қызметкерлері тұрғындарды сақ болуға, бөгде адамдарға жеке деректерін, банк карталарының реквизиттерін және растау кодтарын бермеуге шақырды. Отырыс қорытындысы бойынша профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытында мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдерінің өзара іс-қимылын одан әрі нығайту бойынша ұсыныстар әзірленді.