Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол ЖОҚ!

Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол ЖОҚ!

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы халықты ақпараттандыру, олардың полицияға сенімін арттыру, қоғамда отбасының рөлін нығайту мақсатында ағымдағы жылғы 13-15 қараша аралығында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол ЖОҚ!» республикалық акциясын өткізу жоспарлануда.

    Білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдерімен бірлесе отырып, дағдарыс орталықтары мен ҮЕҰ-дың сенім телефондары (ж.т. 8(711) 2- 28-56-00,  ұ. тел.: +7 747 918 94 45, +7 702 835 99 39)  базасында кеңес беру және отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы мәселелерді түсіндіру бойынша «Қауырт желінің» жұмысы ұйымдастырылады.

Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері денсаулық сақтау органдарымен бірлесіп, тұрмыстық зорлық-зомбылық объектілеріне айналған медициналық мекемелерге жүгінген азаматтардың өтініштерін анықтау бойынша жұмыс ұйымдастырды, тұрмыста құқық бұзушылықтар жасауға бейім адамдарды анықтау мақсатында полиция бөлімдерінің кезекші бөлімдеріне, арнайы қабылдау орындарына, медициналық айықтырғыштарға жеткізілген адамдар бойынша тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі.

БҚО ПД ЖПҚБ