Қоғамдық орындарда бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге шектеу бар

Қоғамдық орындарда бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге шектеу бар

БҚО полициясы ескертеді

 👮‍♂️ Полицейлер қаладағы ірі сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Азаматтарға никаб, бурка, балаклава және өзге де бетті толық жабатын заттарды себепсіз киюге болмайтыны жеткізілді.

😷 Медициналық маска тек тиісті көрсетілімдер болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

⚖️ Бұл талаптар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және бейнебақылау жүйелері арқылы тұлғаларды анықтауды жеңілдетуге бағытталған.

❗️ Ерекше жағдайлар:

— медициналық көрсеткіштер

— ауа райының қолайсыздығы

— қызметтік міндеттер

— спорттық және мәдени іс-шаралар

📌 Ескерту:

Бірінші рет — ескерту

Қайталап бұзса — айыппұл!

БҚО Полиция департаменті азаматтарды заң талаптарын сақтауға шақырады.