Полиция қызметкерлері Орал қаласының бір тұрғын үй аумағында жасалған ұрлық қылмысын ашты

Полиция қызметкерлері Орал қаласының бір тұрғын үй аумағында жасалған ұрлық қылмысын ашты

Белгісіз тұлға тұрақта тұрған автокөліктің салонына кіріп, иесінің жеке мүлкін ұрлап кеткен. Келтірілген жалпы шығын 45 000 теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Ол кінәсін мойындап, іс бойынша дәлелдемелер жиналды.

Сонымен қатар, ұрланған әмиянда болған банк картасын күдікті азық-түлік дүкенінде тауар төлеу үшін пайдаланғаны анықталды.

Полиция азаматтарға сақтық шараларын сақтауды және көлік ішінде бағалы заттарды қараусыз қалдырмауды ескертеді.