БҚО ПД қызметкері қазақ күресінен Қазақстан Республикасының чемпионы атанды

БҚО ПД қызметкері қазақ күресінен Қазақстан Республикасының чемпионы атанды

Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Арнайы кәсіби даярлық басқармасының инспекторы, полиция капитаны Қайрат Шарипов қазақ күресінен спорт ардагерлері арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында 74 кг салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды.

Қайрат Шарипов финалдық белдесуде жоғары шеберлік пен табандылық танытып, қарсыласынан басым түсіп, құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Айта кету керек, ол жауынгерлік самбодан және дзюдо күресінен спорт шеберіне үміткер.

Әріптесімізді жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!