
Өңірде “Бекіре — 2026” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында балықты заңсыз тасымалдау дерегі анықталды. Атырау – Орал автожолының 125-шақырымында, Чапаево ауылы маңында полиция қызметкерлері Toyota Estima көлігін тоқтатқан. Тексеру барысында жүргізушінің тиісті рұқсат құжаттарынсыз 397 келі сазан және шортан балықтарын заңсыз тасымалдағаны анықталды. Осы дерек бойынша ҚР заңнамасына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, өңірде аталған іс-шара аясында 31 құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Полиция азаматтарды заң талаптарын сақтауға және табиғи ресурстардың заңсыз айналымына қатыспауға шақырады.