
«2024-2028 жылдарға арналған қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздік тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына» сәйкес, "102" арнасы арқылы келіп түскен құқық бұзушылықтар туралы хабарламалар негізінде ойын-сауық мекемелерінің қауіпсіздік деңгейін бағалау критерийлері (рейтингі) бекітілді.
Осыған орай, "Заң және Тәртіп" қағидатын іске асыру аясында Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті облыс аумағындағы ойын-сауық орындарынан келіп түсетін өтініштер мен құқық бұзушылықтар бойынша жан-жақты талдау жүргізді. Анықталғандай, бірқатар көңіл көтеру орындарында құқықбұзушылық деректері жиі тіркеледі.
Құқық қорғау органдары бұл мекемелерге ерекше назар аударып, құқықтық тәртіпті сақтау бойынша тиісті шаралар қабылдауда. Талдау нәтижесінде 2026 жылғы наурыз айының қорытындысымен 440 көңіл көтеру орындарынан 310 құқықбұзушылық туралы хабарлама түсіп, 18 қылмыстық іс қозғалды. Атап айтқанда, 9 ұрып-соғу, 4 ұрлық, 2-алаяқтық, бір фактіден тонау, бұзақылық және есірткі қылмысы.
Ең көп хабарлама келесі көңіл көтеру орындарынан келіп түсуде: 21 - Шолохов көшесіндегі "The Bar" түнгі клубынан, 18 – Қонаев шағын ауданында "Скай" кафесінен, 10 – Сарайшык көшесіндегі "Эльдивино" түнгі клубынан, 9 – Назарбаев даңғылындағы "Белуга" кафесінен, 8 - Әбілқайыр хан даңғылында орналасқан "Девичья башня" кафесінен, 7 – Астана шағын ауданындағы "Kult" барынан, 7 - Әбілқайыр хан даңғылындағы "Лас Вегас" түнгі клубынан, 7 – Гагарин көшесіндегі "Шок" кафесінен, 5 – Абай даңғылындағы "Достар" кафесінен, 5 – Құрылысшы шағын ауданындағы "Дублин" кафесінен, 5 – Теміржол бекеті аумағындағы "Альфа" кафесінен, 5 – Әбілқайыр хан даңғылындағы "Чечил Паб" түнгі клубынан, 5 – Жәңгір хан көшесінде орналасқан "Парус" кафесінен, 4 - Мұхит көшесіндегі "Али" кафесінен, 4 – Сарайшық көшесіндегі "Фреш" кафесінен, 4 – Брусиловский көшесіндегі "Инфинити" караоке кафесінен, 3 – Жәңгір хан көшесінде орналасқан "Алгабас" кафесінен.
Түнгі уақытта қоғамдық орындардан 182 жасөспірім полиция бөлімдеріне жеткізілді. Полиция кешенді күштерімен 342 тыйым салынған заттар тәркіленді. Уақытша бейімдеу уытсыздандыру орталығына қоғамдық орындардан 1767 адам жеткізіліп 1002 орналастырылды.
Полиция департаменті көңіл көтеру орындарының иелері мен әкімшіліктерін құқық бұзушылықтың алдын алуға, бейнебақылау жүйелерін орнатып, қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырады. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – баршаға ортақ міндет.