2026 жылғы 7 сәуір түнгі сағат 01:35 шамасында Орал қаласында орналасқан Жеңіс алаңында Жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы қоғамдық тәртіпті бұзу дерегі тіркелді.
Анықталғандай, екі азамат түнгі уақытта қоғамдық орында отшашу атып, тұрғындардың тыныштығын бұзған.
Полиция қызметкерлері құқық бұзушыларды анықтап, жауапкершілікке тартты. Аталған тұлғаларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Полиция түнгі уақытта тыныштық пен қоғамдық тәртіпті сақтау – әрбір азаматтың міндеті екенін еске салады.