
Аталған кабинеттің негізгі мақсаты — құқық бұзушылықтардың алдын алу, халықпен кері байланысты нығайту және азаматтарға құқықтық көмек көрсету. Мұнда полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, құқықтық кеңес береді, сондай-ақ әртүрлі санаттағы азаматтармен жеке профилактикалық әңгімелер ұйымдастырады.
Кабинет жұмысында тұрмыстық құқық бұзушылықтардың және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылады. Сонымен қатар, тәуекел тобына жататын тұлғалармен жүйелі жұмыс жүргізу қарастырылған.
Кабинеттің ашылуы халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және азаматтардың полицияға деген сенімін нығайтуға ықпал етеді.