«Біз есірткісіз өмірді таңдаймыз!»: Oral Open қалалық ашық чемпионаты өтті

«Біз есірткісіз өмірді таңдаймыз!»: Oral Open қалалық ашық чемпионаты өтті

Орал қаласында «Біз есірткісіз өмірді таңдаймыз!» ұранымен грэпплингтен Oral Open қалалық ашық чемпионаты өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу және зиянды әдеттердің алдын алу.

Чемпионат барысында жастар белсенділік танытып, спорт арқылы өздерінің күш-жігері мен шеберліктерін көрсетті.

Іс-шараға Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Тугелов Бағдат Аманжолұлы, сондай-ақ БҚО Полиция департаментінің консультативтік-кеңесші органы мүшесі, қоғам белсендісі, БҚО тәуелсіз еріктісі Мырзахметова Әсел Қажыахметқызы қатысып, жастарға есірткінің зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Спикерлер өз сөздерінде салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын атап өтіп, жастарды спортпен айналысуға және зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды.

Шара соңында ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.