
Орал қаласында Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 1974 жылы туған ер адамды ұстады.
Оның тұрғылықты жерін тінту барысында өзіне тән иісі бар жасыл түсті өсімдік тектес зат салынған зип-пакеттер табылып, тәркіленді.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
📌Қолданыстағы заңнамаға сәйкес есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және олардың аналогтарын заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау, өткізу мақсатында жөнелту не өткізу мүлкі тәркілене отырып, бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады.