Батыс Қазақстан облысында интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары өтті

Батыс Қазақстан облысында интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары өтті

Батыс Қазақстан облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында БҚО Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Артур Мусагалиевтің қатысуымен интернет-алаяқтықтың алдын алу тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында қызметкерлерге қазіргі таңда жиі кездесетін интернет-алаяқтық түрлері, олардың алдын алу жолдары және жеке деректерді қорғау тәсілдері туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар, күмәнді сілтемелерге өтпеу, бөгде адамдарға банк картасының деректерін ұсынбау, сондай-ақ тексерілмеген интернет-ресурстар арқылы қаржылық операциялар жасамау қажеттігі ерекше атап өтілді.
Артур Мусагалиев өз сөзінде интернет кеңістігінде сақтық шараларын сақтау әрбір азаматтың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды қадам екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол алаяқтық әрекеттерге тап болған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарласу қажеттігін жеткізді.
📌Іс-шараның негізгі мақсаты – қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру және интернет-алаяқтықтың алдын алу.