
Есеп үшін оқылатын дәріс емес, нақты қауіптер туралы ашық әрі шынайы әңгіме "Қауіпсіз ұрпақ" жобасы аясында студенттермен кездесулер өтті. Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті прокуратура органдарымен бірлесіп, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттерімен "жеңіл табыс", құрдастар тарапынан қысым көрсету және заңсыз әрекеттерге тартылудың салдары туралы ашық талқылау жүргізді. Кездесулерде құрғақ статистика емес, нақты деректер негізге алынды. Жуырда колледж студентін микронесие рәсімдеуге мәжбүрлеп, одан ақша бопсалаған төрт студент ұсталды. Сонымен қатар жоғары және орта оқу орындарының студенттеріне қатысты екі бірдей бопсалау фактісі анықталды. Олардың бірі бойынша жоғары оқу орнының екі студентінен қорқыту арқылы ақша бопсалаған төрт жас ұсталып, негізгі күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Бүгінде кәмелетке толмағандар мен жастар жасаған қылмыстар, сондай-ақ оларға қатысты құқыққа қарсы әрекеттер полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында. Жобаның басты мақсаты — құқық бұзушылықтардың жолын кесу ғана емес, студенттік ортада қысым, қорқыту және түрлі "схемалар" — өзін-өзі дәлелдеудің жолы емес, бұл — қылмыстық жауапкершілікке апаратын тура жол екені жайында түсінік қалыптастыру. Өңірдегі оқу орындарында түсіндіру және алдын алу жұмыстары жалғасады. Жастардың қауіпсіздігі — қоғамның, отбасының және мемлекеттің ортақ жауапкершілігі.