
Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары көлік ағынын бақылау барысында бұған дейін облыс аумағында жол қозғалысы ережелерін бірнеше рет бұзған Toyota Camry автокөлігін анықтады.
Патрульдік полиция батальоны қызметкерлері жүргізген тексеру барысында аталған көлік құралы ұсталды. Анықталғандай, жүргізуші осыған дейін өңірде жолда жүру ережелерін 13 рет бұзған. Айыппұлдардың жалпы сомасы 300 мың теңгеден асты.
Жол қозғалысы ережелерін сақтау — жол қозғалысына қатысушылардың барлығының қауіпсіздігінің кепілі екенін еске саламыз.