Орал қаласында рейдтік іс-шаралар барысында тоқтатылған автокөлік салонынан қару табылды

Орал қаласында рейдтік іс-шаралар барысында тоқтатылған автокөлік салонынан қару табылды

Патрульдік полиция қызметкерлері «Toyota Camry» маркалы автокөлікті тоқтатты. Көлік тізгінінде 27 жастағы қала тұрғыны болған. Көлікке жүргізілген тексеру барысында сыртқы белгілері бойынша травматикалық тапаншаға ұқсас зат және төрт дана травматикалық оқ-дәрі тәркіленді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Тексеру барысында жүргізушінің көлік жүргізу куәлігі болмағаны және автокөлікті алкогольдік масаң күйде басқарғаны анықталды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ол орта дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болған.

Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен 35 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасуда. Оның нәтижесі бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданатын болады.