БҚО-да дропперлікке қатысты схема әшкереленді

БҚО-да дропперлікке қатысты схема әшкереленді

          Батыс Қазақстан облысында 1 ақпаннан басталған "ANTI-FRAUD" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында дропперлікке қатысты заңсыз схема әшкереленді.  Құқық қорғау органдарының мәліметінше, үш азамат өздерінің банктік шоттарына қолжетімділікті үшінші тұлғаларға ақшалай сыйақы үшін әдейі берген. Кейін бұл шоттар заңсыз қаржылық операцияларды жүзеге асыру үшін пайдаланылған. Атап айтқанда аталған есепшоттар арқылы алаяқтық жолмен жәбірленушілерден алынған қаражат айналымға түскен. Әрбір дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 232-1-бабы (Дропперлік) бойынша қылмыстық істер тіркелді. Ұсталған азаматтар кінәларын мойындаған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Тергеу қорытындысы бойынша қылмыстық істер сотқа жолданып, кінәлі тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі шешіледі. Полиция ескертеді: банктік деректемелеріңізді үшінші тұлғаларға беру — қылмыстық іс фигурантына айналу қаупін тудырады. Жеңіл табыс ұсынатын күмәнді ұсыныстарға сенбеңіз. Жеке деректеріңізді қорғап, заңсыз схемалардың қатысушысы болмаңыз.