БҚО-да полиция қызметкерлері арнайы мекемелерге тыйым салынған заттарды алып кіру фактілерінің жолын кесті

БҚО-да полиция қызметкерлері арнайы мекемелерге тыйым салынған заттарды алып кіру фактілерінің жолын кесті

БҚО-да полиция қызметкерлері арнайы мекемелерге тыйым салынған заттарды алып кіру және лақтырып өткізу фактілерінің жолын кесті. Оқиғалардың бірінде Орал қаласы полиция басқармасы уақытша ұстау изоляторының кезекші инспекторы бейнебақылау камераларын қарау барысында мекеме аумағына белгісіз затты лақтырып өткізбек болған ер адамды байқап қалған.
Ақпарат жедел түрде жақын маңдағы полиция жасақтарына жеткізіліп, нәтижесінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері уақытша ұстау изоляторында отырған танысына ұялы телефонды лақтырып өткізбек болған Орал қаласының тұрғынын ұстады. Тағы бір жағдайда Орал қаласы полиция басқармасы қабылдау-тарату орнының кезекшісі әкімшілік қамауға алынған адамға арналған сәлемдемені мұқият тексеру кезінде шырын қаптамасына салынған сұйықтыққа толы (алкогольдік болуы мүмкін) екі полиэтилен пакет және ұялы телефон анықтады. Аталған фактілер бойынша құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Материалдар сотқа жолданып, процессуалдық шешім қабылдау үшін қаралуда.

https://www.instagram.com/p/DUkf9QFjZc0/