«Абай бол, жас өрен!» - гимназия оқушыларына жол қауіпсіздігі сабағы өтті

«Абай бол, жас өрен!» - гимназия оқушыларына жол қауіпсіздігі сабағы өтті

          Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері Орал қаласындағы эстетикалық бағыттағы гимназиясының оқушыларына жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша түсіндіру сабағын өткізді. Бастауыш сынып, соның ішінде 4 сынып оқушылары қатысқан жол қауіпсіздігіне байланысты «Абай бол, жас өрен!» тақырыбында өткен практикалық іс-шараға мектептің жол қозғалысы жас инспекторлары және 200-ге жуық оқушы қатысты.
         Айта кету керек, 2026 жылдың қаңтар айындағы стаистикаға сүйенсек, облыс бойынша 63 жол-көлік оқиғасы тіркелсе, соның 23-і балалардың қатысуымен болып отыр.
Осыған сәйкес жол қауіпсіздігін түсіндіру жұмысы барысында көшеде жүру тәртібін дұрыс орындамау қауіпті жағдайдың туындауына алып келуі мүмкін екендігі, көшеден өту үшін арнайы белгіленген жермен жүрген дұрыс екендігі айтылды. Жолда келе жатып көлікті байқағанда, өткізіп жіберу керектігі және көшеде тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өту қажеттілігі түсіндірілді. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді.
         Сабақ барысында ережелерді есте сақтау қабілеттерін тексеру мақсатында сұрақтар қойылып, белсенді болған оқушыларға арнайы сыйлықтар тарту етілді.
- Мұндай іс-шаралардың басты мақсаты – балалардың жастайынан жол ережесін сақтаудың маңызын түсінуі. Жолдағы қауіпсіздік әрқайсымыздан басталады. Балалардың белсенділік танытып, өз білімдерін көрсетуі бізді ерекше қуантты, - деді БҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы полиция подполковнигі А.Баекесов.
          Сонымен қатар, шара соңында жас жол инспекторлары мен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты тәсілдерді көпшілік назарына ұсынды.