
Батыс Қазақстан облысы аумағында 2026 жылғы 28 қаңтар – 3 ақпан аралығында «Қауіпсіз аула» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде тұрған 4 957 тұлға тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеріліп, белгіленген шектеулерді бұзудың 48 фактісі анықталды.
Аталған іс-шара аясында маскүнемдік пен нашақорлықтан мәжбүрлеп емдеуге жіберу үшін 18 адамның құжаттары сотқа жолданып, 36 адамға сот шешімімен мінез-құлқына ерекше талаптар қойылды.
Сонымен қатар іс-шара кезінде 201 әкімшілік құқықбұзушылықтың жолы кесіліп, тиісті шаралар қабылданды. Атап айтқанда:
-қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішкені үшін 157 тұлға,
-алкоголь өнімдерін сату талаптарын бұзғаны үшін 10 дүкен иесі,
-жеке тұрғын үйлерден алкоголь өнімдерін заңсыз сатқан 2 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Учаскелік полиция инспекторларымен мас күйінде құқықбұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы 58 ұсыныс енгізілді.
Осыған байланысты барлық Батыс Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық орындарда әкімшілік құқықбұзушылықтарға жол бермей, Қазақстан Республикасының заң талаптарын сақтауға шақырамыз.