Оралда мас жүргізушінің полициядан қашу әрекеті тоқтатылды

Оралда мас жүргізушінің полициядан қашу әрекеті тоқтатылды

2026 жылғы 4 ақпанда шамамен сағат 07:30-да Орал қаласында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «Lada Granta» маркалы автокөлікті тоқтатты.

Жүргізуші полиция қызметкерлерінің көлікті тоқтату жөніндегі заңды талабын орындамай, бой тасалауға әрекет жасаған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде автокөлік тоқтатылып, жүргізуші ұсталды.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, жүргізуші орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.

Жүргізушіге қатысты екі әкімшілік хаттама толтырылды:

-көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін;

-полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін.

Көлік құралы мамандандырылған айып тұрағына қойылды. Әкімшілік материалдар заңда белгіленген тәртіппен қарау және процестік шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Полиция алкогольдік масаң күйде көлік басқару жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндіретінін еске салып, азаматтарды Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын қатаң сақтауға шақырады.