Батыс Қазақстан облысында «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді

Батыс Қазақстан облысында «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді

2026 жылғы 27–29 қаңтар аралығында облыс аумағында мал ұрлығының алдын алу, оны ашу, сондай-ақ қысқы кезеңдегі жедел ахуалды тұрақтандыру мақсатында «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара қорытындысы бойынша мал ұрлығы фактісі бойынша «өткен жылдар» санатындағы бір қылмыс ашылды.
Іс-шара барысында тіркелмеген бір дана бір оқпанды тегіс ұңғылы аңшылық мылтық анықталып, тәркіленді.

Ауыл шаруашылығы жануарлары мен ет өнімдерін тасымалдаумен айналысқан 158 автокөлік, 72 ет өткізу орны және 488 шаруа қожалығы тексерілді.

Тексеру нәтижесінде 53 әкімшілік хаттама толтырылды.