БҚО-да «Қауіпсіз жол» ЖПІШ аясында 1 800-ден астам жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі анықталды

БҚО-да «Қауіпсіз жол» ЖПІШ аясында 1 800-ден астам жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі анықталды

2026 жылғы 23–25 қаңтар аралығында Батыс Қазақстан облысы аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуды анықтау мақсатында «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара барысында, әсіресе түнгі уақытта, патрульдік полиция нарядтарының тығыздығы арттырылды. Негізгі назар көлік құралын мас күйінде басқару, басып озу, маневр жасау және қиылыстардан өту ережелерін бұзу деректерін анықтауға бағытталды.

Іс-шара қорытындысы бойынша 1827 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Мас күйінде көлік басқарған 21 жүргізуші ұсталды, 18 жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Жолаушылар мен багажды заңсыз тасымалдағаны үшін 14 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар:

-көлік құралын басқару құқығы жоқ тұлғалардың басқаруының 23 дерегі;

-көлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлғалардың басқаруының 14 дерегі;

-10 жол-көлік жағдайын әдейі туындату фактісі;

-бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту бойынша 91 дерек;

-көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон қолданудың 143 дерегі;

-маневр жасау ережелерін бұзудың 186 дерегі тіркелді.

Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жол қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.