Батыс Қазақстан облысында браконьерлер ұсталды

Батыс Қазақстан облысында браконьерлер ұсталды

 Теректі ауданында Батыс Қазақстан облысының табиғат қорғау полициясы қызметкерлері Теректі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп заңсыз аңшылықты анықтады. Шағатай ауылдық округінің орман алқабын патрульдеу барысында Toyota Avensis автокөлігі тоқтатылды. Көлік салонында 4 ер адам болған. Тексеру кезінде олардан екі аңшы мылтығы тәркіленіп, жүк салғыштан төрт еліктің төшкесі табылды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті заңсыз аңшылықтың қатаң тыйым салынғанын және ол үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді. Еске сала кетейік, 1 желтоқсаннан бастап өңірде заңсыз аң аулау фактілердің алдын алуға, сирек жануарларды қорғауға және табиғат қорғау заңнамасының сақталуын қадағалауды күшейтуге бағытталған «Киік» акциясы жүргізілуде. Акцияның 10 күн ішінде 23 әкімшілік және бір қылмыстық құқықбұзушылық анықталды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.