“Үлгілі жүргізуші – 2025”: БҚО полицейлері мен жас жол инспекторлары жолда үлгі болған жүргізушілерді марапаттады

“Үлгілі жүргізуші – 2025”: БҚО полицейлері мен жас жол инспекторлары жолда үлгі болған жүргізушілерді марапаттады

Батыс Қазақстан облысында “Заң мен тәртіп” тұжырымдамасы аясында “Үлгілі жүргізуші – 2025” республикалық акциясы өтті.

Іс-шара барысында жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, бір жыл бойы құқық бұзушылыққа жол бермеген жүргізушілерге алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Полицейлер осылайша жолда тәртіп пен жауапкершіліктің үлгісін көрсеткен азаматтарды қолдауда.

Акцияға қатысқан жас жол инспекторлары көлік жүргізушілеріне арнайы жазған хаттарын оқып, оларды жолда мұқият болуға, өз өмірі мен өзгенің қауіпсіздігін бірінші орынға қоюға үндеді.

Шараның басты мақсаты — жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық мәдениетін арттыру, қауіпсіздікке басымдық беру және үлгілі жүргізушілерді ынталандыру арқылы қоғамға оң үлгі қалыптастыру.

БҚО Полиция департаменті жолдағы әр азаматты жауапкершілік пен тәртіпке шақырады.