Полиция мен қоғамның өзара түсіністігі – қауіпсіздіктің кепілі

Полиция мен қоғамның өзара түсіністігі – қауіпсіздіктің кепілі

🔹Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының басшысы полиция подполковнигі Олжас Ибрайымов пен жеке құрамы облыс тұрғындарымен кездесіп, азаматтардың пікірін тыңдады. Кездесу барысында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелер талқыланып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері назарға алынды.

🔹Басқарма өкілдері тұрғындармен ашық диалог орнатып, олардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді.

🔹Мұндай кездесулердің негізгі мақсаты – қоғам мен полиция арасындағы өзара сенімді нығайту, сондай-ақ азаматтардың өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды жетілдіру болып табылады.

🔹Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы алдағы уақытта да тұрғындармен тығыз байланыста болып, өзекті мәселелерді бірлесіп шешуге дайын екенін жеткізді.