
«2024-2028 жылдарға арналған қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздік тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына» сәйкес "102" арнасы арқылы келіп түскен құқық бұзушылық туралы сигналдар бойынша ойын-сауық мекемелерінің қауіпсіздік деңгейін бағалау критерийлері (рейтингі) бекітілді.
Осыған байланысты "Заң мен Тәртіп" қағидатын іске асыру аясында БҚО Полиция департаменті облыстың ойын-сауық орындарынан келіп түсетін құқық бұзушылықтар туралы өтініштерге талдау жүргізді.Бүгінгі күнде 431 көңіл көтеру орындарынан 1108 хабарлама түсіп, 78 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде 28 ұрлық, 26 қасақана денеге жарақат келтіру, 13 бұзақылық, 4 тонау, екеуден мүлікке залал келтіру, адам өлтіруге қастандық келтіру және біреуден адам өлтіру,алаяқтық, өзінше билік ету.
Ең көп хабарлама келесі көңіл көтеру орындарынан келіп түсуде:
84 - "The Bar" түнгі клубынан, 43 - "Али" кафесінен, 30 - "Central kараоке" караоке барынан, 26 – "Шок" кафесінен, 25 - "Махаббат" кафесінен, 25 – "Алгабас" кафесінен, 24 – "Эльдивино" түнгі клубынан, 23 – "Скай" кафесінен, 21 – "Домбыра" мейрамханасынан, 20 - "Лас Вегас" түнгі клубынан, 20 – "Монреаль" түнгі клубынан, 19 - "Восточная сказка" кафесінен, 19 – "Острые козырьки" кафесінен, 18 – "Пинта" түнгі клубынан, 17 – "Чечил Паб" түнгі клубынан.