
⚡️Орал қаласындағы №6 орта мектепте полиция қызметкерлері қауіпсіздік сабағын өткізді
Полиция қызметкерлері Орал қаласындағы №6 орта мектепке барып, оқушыларға жеке қауіпсіздік туралы профилактикалық сабақтар өткізді.Кездесу барысында тәртіп сақшылары балаларға интернеттегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, алаяқтардың құрбаны болмаудың жолдарын айтты. Сонымен қатар буллинг (қорлау, мазақ ету) деген не екенін түсіндіріп, мұндай жағдайларда қалай әрекет ету керектігі жөнінде кеңес берді.
Оқушылар күнделікті өмірде кездесуі мүмкін түрлі қауіпті жағдайлар да қарастырылды.
Назар аударылған негізгі мәселелер:
•Қауіпті қалай дер кезінде байқауға болады;
•Қиын жағдайларда кімнен көмек сұрауға болады;
•Қайда және қалай жүгіну керек — ата-аналарға, мұғалімдерге, сенім телефонына немесе полицияға.Сабақ соңында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін сақтау мен көшеде қауіпсіз жүріс-тұрыс жасау маңыздылығын еске салды.
Мұндай іс-шаралар балалардың өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауын қалыптастырып, түрлі өмірлік жағдайда дұрыс әрекет ету дағдыларын дамытуға бағытталған.