2025 жылғы 13-17 қазан аралығында елімізде «Заңсыз келуші-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Шараның негізгі мақсаты – көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, көші-қон ағындарын бақылау және заңсыз көші-қон әрекеттерінің алдын алу.
Іс-шараның алғашқы күні, яғни 13 қазанда, құқық қорғау органдары 60 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Атап айтқанда:
- шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың көші-қон заңнамасын бұзуы бойынша 31 фактісі;
- шетел азаматтарын қабылдаған тұлғалар тарапынан 23 заң бұзушылық;
- шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартудың 6 дерегі тіркелді.Сондай-ақ көші-қон ережелерін өрескел бұзғаны үшін 10 шетелдік азаматты елден шығару туралы сот қаулылары шығарылды.
Полиция департаменті көші-қон саласындағы бақылауды күшейту арқылы заңсыз әрекеттердің жолын кесуді жалғастырады. Шара аясындағы жұмыс тұрақты негізде жалғасатын болады.