БҚО-да ауыл тұрғынынан есірткі табылды

БҚО-да ауыл тұрғынынан есірткі табылды

БҚО Полиция департаменті Бөрлі ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері республикалық “Қарасора” жедел алдын алу іс-шарасы аясында ауданға қарасты елді - мекендерінің бірінің тұрғынының үйіне тінту жүргізді. Тінту барысында үйдің әр бөлмесінен өсімдік тектес заттар табылып, тәркіленді.
Гараждан көлемі 5 литрлік пластик шелек пен үш полиэтилен қаптамаға салынған өсімдік тектес зат, сондай-ақ белгісіз өсімдіктің тұқымдары салынған қағаз орама табылып, тәркіленді. Сонымен қатар, қорадан өсімдік тектес заты бар алты газет орамасы табылды.
Бұдан бөлек, үйдің шатырынан 10 литрлік пластик шелекте өсімдік тектес зат және осыған ұқсас зат салынған үш қаптама бар қап, 154 сіріңке қорабы салынған 10 литрлік пластик шелек және 338 сіріңке қорабы салынған тағы бір пластик шелек табылып, тәркіленді.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

https://www.instagram.com/p/DPgjes_Db7o/