«2024-2028 жылдарға арналған қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздік тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына» сәйкес "102" арнасы арқылы келіп түскен құқық бұзушылық туралы сигналдар бойынша ойынсауық мекемелерінің қауіпсіздік деңгейін бағалау критерийлері (рейтингі) бекітілді.
Осыған байланысты "Заң және Тәртіп" қағидатын іске асыру аясында БҚО полиция департаменті облыстың ойын-сауық орындарынан келіп түсетін құқық бұзушылықтар туралы өтініштерге талдау жүргізді.
Талдау нәтижесі бойынша хабарламалардың басым бөлігі мына ойын-
сауық орындарынан келіп түскені анықталды: "The Bar" түнгі клубы– 65, "Махаббат" кафесі - 25, "Алгабас" кафесі – 22, "Али" кафесі - 37, "Лас Вегас" түнгі клубы - 19, " Central kараоке" караоке бары - 26, «Моnreal» түнгі клубы – 16, "Скай" кафесі - 18, "Шок" кафесі – 23, "Восточная сказка"кафесі – 17, "Эльдивино" түнгі клубы -17
Биыл жыл басынан бері "102" операторының пультіне ойын-
сауық орындарынан 419 көңіл көтеру орындарынан 901 хабарлама түсіп, 63 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде 23 ұрлық, 20 қасақана денеге жарақат келтіру, 12 бұзақылық, 3 мүлікке залал келтіру, 2 тонау, 2 алаяқтық және адам өлтіру.