№9 учаскелік полиция пунктінің қызметкерлерімен бекітілген әкімшілік аумақта «Участок» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында бірқатар тексеру жұмыстары жүргізілді.
Тексерілді:
• 31 профилактикалық есепте тұрған тұлға;
• 3 күдік тудыратын пәтер;
• 15 азаматтық қару иесі;
• 25 шетелдік азамат;
• 96 пәтер мен 67 жеке тұрғын үй.
Іс-шара нәтижесінде 46 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Іс-шараның негізгі мақсаты — әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, қылмыстың профилактикасы, көші-қон заңнамасы мен қаруды сақтау тәртібін бақылау.
Аталған бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жалғасын табатын болады.