Зачаган полиция бөлімінің қызметкерлері «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында тұрғын үйлер мен азаматтарға жаппай тексеру жүргізді

Зачаган полиция бөлімінің қызметкерлері «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында тұрғын үйлер мен азаматтарға жаппай тексеру жүргізді

«Учаске» іс-шарасы барысында Шаған полиция бөлімінің қызметкерлері 1200 ден астам көп қабатты пәтерлерді, 905 жеке үй, 61 жалға алынған пәтерлер, 122 азаматтық қару иелерін және 16 шаруа қожалығын тексерді.
Сонымен қатар 176 есепте тұрған тұлғалармен профилактикалық жұмыс жүргізілді және 5 қолайсыз отбасы тексерілді.
300 жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 21 құқық бұзушылық отбасы-тұрмыстық қатынастардағы құқыққа қарсы әрекеттер, 2 факті кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі шараларды орындамау, алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келудің 25 фактісі, Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру 113 фактісі анықталды.
Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

#ЗАҢМЕНТӘРТІП