Орал қаласында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған салтанатты шара өтті

Орал қаласында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған салтанатты шара өтті

Қазақстан Республикасы Конституциясы күні қарсаңында Орал қаласындағы Жеңіс алаңында Батыс Қазақстан облысы ішкі істер органдарының қызметкерлері, БҚО ПД Қоғамдық кеңесінің мүшелері мен ішкі істер органдарының ардагерлерінің қатысуымен мерекелік іс-шара өтті.

Полиция қызметкерлерін мерекемен Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев құттықтап, ерекшеленген қызметкерлерге алғыс хаттар мен грамоталар табыстады.

БҚО Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Арман Оразалиев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің атынан төсбелгілер, алғыс хаттар мен грамоталар табыс етті. Сондай-ақ, бірқатар қызметкер департамент бастығының бұйрығымен марапатталды.

Сонымен қатар, аудандық полиция бөлімдеріне 30 жаңа қызметтік автокөліктің кілті табыс етілді.

Салтанатты жағдайда жас полиция қызметкерлері әріптестерінің алдында Отанға және халыққа адал қызмет етуге ант берді.

Іс-шара Орал гарнизоны полициясының салтанатты шеруімен аяқталды. Ресми бөлімнен кейін полиция қызметкерлері құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметіне қайта кірісті.

https://www.instagram.com/reel/DN8gJPsjTt0/?igsh=MXEyYXl3cmNheGdscQ==