🔹Орал қаласының орталығында жүрекке жылы тиетін оқиға болды. Қала тұрғыны патрульдік полиция қызметкерлерінің қасынан өтіп бара жатып, оларды тоқтатып, азаматтардың қауіпсіздігі жолындағы адал қызметі үшін шынайы ризашылығын білдірді.
🔹Әйел адам құқық қорғау саласының қиындығын атап өтіп, өз қаласында өзін қауіпсіз сезіну маңызды екенін айтты.
🔹«Сіздерге рақмет. Тыныштығымызды күзетіп жүрсіздер. Бұл көрініп тұр, біз бағалаймыз. Сіздерді ешкім шайға шақырмайды, тек қиын жағдай туындағанда ғана көмекке шақырады. Мен бұлай істей алмас едім. Соған қарамастан, сіздер адамгершілігіңізді жоғалтпайсыздар», – деді ол полиция қызметкерлеріне.
🔹Осындай қолдау мен ризашылық сөздері тәртіп сақшыларын шабыттандырып, адал қызметке одан әрі ынталандырады.
🔹«Бұл – жай сөз емес. Бұл – халықтың сенімі мен біздің жұмысымыздың қоғам үшін маңыздылығын көрсететін белгі», – дейді полиция қызметкерлері.