Батыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.
Аталған шара аясында патрульдік полиция қызметкерлері күшейтілген тәртіпте жұмыс атқаруда. Батальон командирі, полиция майоры И.Тулясовтың жеке басшылығымен жолдарда тексеру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізушілерді анықтап, тиісті әкімшілік шаралар қолдануда.
Іс-шара барысында жүргізушілер мен жолаушыларға жолда жүру ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Мұндай алдын алу шаралары азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.