ҚР ІІМ логотипі
ҚР ІІМ логотипі
Меню
Страницы
Құжаттар
Департамент туралы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Қызметі
Онлайн қабылдау
Все материалы
Криминалдық полиция
18 ноября 2024
Батыс Қазақстан облысында полиция 2500-ден астам заңсыз электронды темекі мен оларға арналған сұйықтықтарды тәркіледі

Орал қаласында Полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында заңсыз темекі өнімдерін тәркіледі.
Қаланың алкомаркеттерінің бірінде 22 электронды темекі, 58 пакет кальянға арналған темекі қоспалары, 17 пакет кальян жағуға арналған көмір табылып, тәркіленді.
Сонымен қатар күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында полиция қызметкерлері 3 темекі шегетін сұйықтық пен тағы 3 электронды темекі тапты. Осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
2024 жылдың 20 маусымынан бастап электронды темекі сатуға тыйым салатын заңнамаға өзгерістер күшіне енген сәттен БҚО-дп полиция 9 заңсыз сату және тарату фактісін анықтады. Жедел іс-шаралар барысында 1200-ден астам электронды темекі мен 1400-ден астам сұйықтық пен оларды тұтынуға арналған құрылғылар тәркіленді.

 

https://www.instagram.com/p/DCT2wrgsCnV/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Криминалдық полиция
13 ноября 2024
БҚО Жәнібек ауданының полиция қызметкерлері "Instagram" - да әлеуметтік желісіндегі алаяқтықты ашып, жәбірленушіге 700 мың теңге қайтарып берді

"Антифраунд" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Жәнібек полиция бөлімінің қызметкерлері “Instagram”әлеуметтік желісі арқылы жасалған алаяқтық фактісін ашты.

Қазан айының басында 20 жастағы азаматша “Instagram” арқылы Тайландқа арзан бағамен тур ұйымдастырамен деп танысқан адамға 700 мың теңге аударған. Ал алаяқ осыған дейін ешқандай ұйымдастырмағаны және ақша алып, із-түссіз жоғалып кеткендігі анықталды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тез арада полиция күдіктіні анықтап, ұстады. Нәтижесінде жәбірленушіге кеткен шығыны толығымен өтелді және оған барлық ақша қайтарылды.
Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Жәбірленуші полиция қызметкерлеріне қылмысты жедел ашып, қаражатты қайтарғаны үшін алғысын білдірді.

Жергілікті полиция қызметі
11 ноября 2024
Батыс Қазақстан облысындағы ойын-сауық мекемелерінің қауіпсіздік деңгейі (рейтингі).

      «2024-2028 жылдарға арналған қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздік тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына» сәйкес "102" арнасы арқылы келіп түскен құқық бұзушылық туралы сигналдар бойынша ойынсауық мекемелерінің қауіпсіздік деңгейін бағалау критерийлері (рейтингі) бекітілді.
      Осыған байланысты "Заң және Тәртіп" қағидатын іске асыру аясында БҚО полиция департаменті облыстың ойын-сауық орындарынан келіп түсетін құқық бұзушылықтар туралы өтініштерге талдау жүргізді.
     Талдау нәтижесі бойынша хабарламалардың басым бөлігі мына ойын-сауық орындарынан келіп түскені анықталды: "Central караоке" караоке-бары- 43, "Моnreal" түнгі клубы-31, "Али" кафесі-30,"ЛасВегас" түнгі клубы- 28, "TheBar" түнгі клубы-28, "Чечел Паб" түнгі клубы"–27, "Алғабас" кафесі-23.
      Биыл жыл басынан бері "102" операторының пультіне ойын-сауық орындарынан 995 өтініш келіп түсті, оның ішінде 80-і қылмыс ретінде тіркелді. Олар: 45 бөтеннің мүлкін
ұрлау, 13 бұзақылық, мүлікке зиян келтірудің 10 фактісі, денсаулыққа қасақана зиян келтірудің 5 фактісі, бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру және иемденудің 2 фактісі, тонау, алаяқтық және есірткі қылмыстары – әрқайсысы бір фактіден тіркелді.

Кадр саясаты
29 октября 2024
Республика күні мекерекесіне орай учаскелік полиция инспекторына жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды баспанамен қамту жұмыстары жалғасуда. Соның ішінде Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында көктемде су тасқынынан зардап шеккендер жаңа баспананың кілтін алуда. Оның бірқатары осыған дейін берілген болса, қалғаны мерекелер кезінде табысталып отыр.
25 - қазан Республика күні мерекесі қарсаңында Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов Сырым ауданы Өлеңті ауылының учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Данияр Бақытжановқа жаңа тұрғын үйдің кілтін табыс етті.
Данияр Бақытжанов ішкі істер органдарында 2023 жылдың қаңтар айынан бастап қызмет етіп келеді.
Бейбіт күннің өзінде түрлі қылмыстың алдын алып, қара басын қауіп-қатерге тігіп жүретін полиция қызметкерлеріне пәтер кілтінің табысталуы еңбектің еленгені деп айтуға болады.
Ауыл тұрғындары үкімет басындағыларға берген көмектері, салып берген берген су жаңа баспаналары үшін алғыстарын жеткізді.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл
29 октября 2024
Орал қаласында есірткі сатқан жас жігіт күдікті ретінде ұсталды

Қазанның 15 күні БҚО ПД және Орал қ.ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс орталығында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында 21 жастағы жігітті ұстады. Оны жеке тексеруі кезінде ұнтақ заты бар 50 зип-пакет табылып, тәркіленді.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Мұндай қылмыстар бойынша мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.
Жыл басынан бері облыс полицейлері есірткі заттарын өткізудің 37 фактісін анықтады.

Жергілікті полиция қызметі
29 октября 2024
Оралда патрульдік полиция қызметкерлері өрттің алдын алды

Ағымдағы жылдың 16 қазан күні тәртіп сақшылары Азат Бақытжанов пен Мейіржан Тілекқабылов Сарайшық көшесінде Volkswagen Passat автокөлігінен шыққан дыбысты естиді.

Алайда сол уақытта жүргізуші көліктің ішінде ешнәрсе сезбестен отыра берді. Кейін полиция қызметкерлері жүргізушіге келіп ескертеді. Осы уақытта түтін басталып, көлік капотынан өрт шықты.

Полиция өрт сөндірушілер келгенге дейін өртті сөндірді. Тәртіп сақшыларының жедел әрекеттерінің арқасында болуы мүмкін зардаптың алды алынды.

Жүргізуші қырағылық танытып, көмек көрсеткен полицейлерге алғыс білдірді.

https://www.instagram.com/reel/DBOQk3ousbv/?igsh=cnh0a3RzbGRydndi

 

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес
29 октября 2024
БҚО полицейлері саяжай шатырында есірткі зертханасын ұйымдастырған азаматты ұстады

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру дерегі анықталды. Тексеру барысында 49 жастағы азаматтың саяжай үйінің шатырында есірткі зертханасын жабдықтап, тыйым салынған өсімдіктерді өсіргені белгілі болды. Шатырда орналасқан есірткі зертханасынан полиция қызметкерлері 37 ыдыста егілген ерекше иісі бар, жасыл түсті өсімдіктерді (сыртқы түрі қарасораға ұқсас) тапты. Сонымен қатар жарықтандыруға арналған 14 шам, желдету жүйесі, екі термометр және тыңайтқышқа арналған 15 бөтелке сұйықтық табылды.
Сарайларды тінту барысында да жасыл түсті, өсімдік тектес заттар салынған үш пакет және шегуге арналған темір құрылғы тәркіленді. Дәретхана бөлмесінде тағы да есірткі өсімдігіне ұқсас кептірілген 8 бұта, өсімдік тектес заттар салынған 2 пакет, 6 пластикалық стақан, үш жұмыс істемейтін желдеткіш кулер және жарықтандыру жүйесінің элементтері табылды. Тәркіленген заттардың барлығы сараптамаға жіберілді, ал аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Криминалдық полиция
08 октября 2024
Орал қаласында полиция қызметкерлері 87 жасар зейнеткерден 2 миллион ақша ұрлаған ұрыны ұстады

Полиция қызметіне егде жастағы әйел хабарласып, пәтерінен ірі көлемде ақшаның ұрланғаны туралы хабар түсіреді.
Анықталғандай, әйел аулаға шығып, кіре берістегі еденді ақшаға жуып беру ұсынысымен өтіп бара жатқан әйел мен ер адамға жақындайды. Содан әйел іске кірісіп, тазалық жұмыстарын жүргізіп жатқанда, оның қасындағы ер адам егде әйелдің пәтерінің есігі ашық екенін көріп, пәтерге кіріп, үйден зейнеткердің бар жиған-тергенін жымқырып кетеді.
Тазалау жұмыстарын аяқтап, пәтерге кірген әйел ақшасының жоғалғанын байқап, дереу полицияға хабарлайды.
Полиция қызметкерлері «оқиға ізін суытпай» күдіктіні қолға түсірді. Ол бұрын сотты болған Орал қаласының 46 жасар тұрғыны екені анықталды.
Қылмыс орнында қалған айғақтар оның ізіне түсуге көмектесті. Криминалистикалық деректер базасын қолдану арқылы тексеру кезінде олар ұсталған адамның деректерімен сәйкес келген.
Ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

https://www.instagram.com/p/DAqtT9toLQP/

 

Жергілікті полиция қызметі
07 октября 2024
Полицейдің бір күні - қауіп пен қатерге толы...

Күн сайын полицейлер құқықтық тәртіпті сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша күрделі қызмет атқарады. Көбінесе өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, қиыншылыққа тап болған адамдарға көмекке келеді.
Бір күн бұрын полицияға Орал қаласындағы пәтерлердің бірінде ер адам пышақ жарақатын алғаны туралы хабарлама келеді. Оқиға орнына бірінші болып Орал қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері взвод командирі полиция капитаны Батыр Альшинов және аға қызмет инспекторлары полиция капитандары Бақытжанов Азат пен Тілекқабылов Мейіржан келіп жетеді.
Полиция қызметкерлері күдіктіні қылмыстың ізі суымай ұстады, ол алкогольдік ішімдік ішу кезінде танысына пышақ жарақатын салған.
Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді.
Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айында дәл осы полиция қызметкері Батыр Альшинов Орал қаласындағы Самал ш/а-дағы алтыншы қабаттың терезесінен секіруге тырысқан әйелдің өмірін сақтап қалды.

 

https://www.instagram.com/p/DAqpsQZIF7l/

Кадр саясаты
03 октября 2024
БОС ЛАУАЗЫМДАРҒА ОРНАЛАСУҒА БАЙҚАУ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

         Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрлігі Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті, 090000, Орал қаласы, Пугачев көшесі, 45, анықтама телефондары 8 (711-2)  92-10-33, 98-42-83, 98-42-85, 98-42-86, 98-42-87, 98-41-40, 98-41-61 ұдайы негізде бос лауазымдарға байқау жариялайды:

 

  1. Полиция департаментінің (бұдан әрі-ПД) әскери-дәрігерлік комиссиясының (бөлім құқығында) бастығы (С-SVО-4 санатты, 1 бірлік)

Функциялық міндеттері: әскери-дәрігерлік комиссияның қызметін ұйымдастыруға бақылауды жүзеге асыру.

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары медициналық білім, Қазақстан Республикасының Заңдарын, мемлекеттік тілді білу, жасы 35-тен аспауы, бойы 170 см. кем болмауы тиіс.

  1. ПД медициналық тобының бас санитарлық дәрігері (С-SVО-7 санатты, 1 бірлік)

Функциялық міндеттері: ПД қарамағындағы объектілерде санитарлық-гигиеналық және санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды бақылау және жүзеге жүргізу.

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары медициналық білім, Қазақстан Республикасының Заңдарын, мемлекеттік тілді білу, жасы 35-тен аспауы, бойы 170 см. кем болмауы тиіс.

  1. ПД медициналық тобының бас дәрігер-эпидемиологі (С-SVО-7 санатты, 1 бірлік)

Функциялық міндеттері: әдістемелік басшылық жасау, бақылау және ведомоствовалық бағынысты ПД медициналық ұйымдарының қызметін үйлестіруді ұйымдастыру.

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары медициналық білім, Қазақстан Республикасының Заңдарын, мемлекеттік тілді білу, жасы 35-тен аспауы, бойы 170 см. кем болмауы тиіс.

  1. Орал қаласы Полиция басқармасының, Орал қаласы Полиция басқармасының Абай полиция бөлімі, Ақжайық, Бөрлі, Қаратөбе аудандарының полиция бөлімдерінің тергеушісі (С-SVR-8 санатты, 1 бірліктен)

Функциялық міндеттері: сотқа дейінгі материалдарды қарайды, қылмыстық істерді тергейді.

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім (заңтану, құқық қорғау қызметі), Қазақстан Республикасының Заңдарын, мемлекеттік тілді білу, жасы 35-тен аспауы, бойы 170 см. кем болмауы тиіс.

  1. Ақжайық ауданы полиция бөлімінің анықтаушысы (С-SVR-8 санатты, 1 бірлік)

Функциялық міндеттері: сотқа дейінгі материалдарды қарайды, қылмыстық істерді тергейді.

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім (заңтану, құқық қорғау қызметі), Қазақстан Республикасының Заңдарын, мемлекеттік тілді білу, жасы 35-тен аспауы, бойы 170 см. кем болмауы тиіс.

 

  1. ПД криминалдық полиция басқармасы кибер қылмысқа қарсы күрес тобының жедел уәкілі (С-SVR-8 санатты, 6 бірлік)

          Функциялық міндеттері: қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, кибер қылмысқа қарсы күресуге қатысады.

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім (заңтану, құқық қорғау қызметі, ақпараттық жүйе), Қазақстан Республикасының Заңдарын, мемлекеттік тілді білу, жасы 35-тен аспауы, бойы 170 см. кем болмауы тиіс.

  1. Орал қаласы Полиция басқармасының, Абай полиция бөлімі, Бөкейорда, Жәнібек ауданының полиция бөлімдерінің криминалдық полициясының жедел уәкілі (С-SVR-8 санатты, 5 бірлік)

          Функциялық міндеттері: қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қылмысқа қарсы күресуге қатысады.

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім (заңтану, құқық қорғау қызметі), Қазақстан Республикасының Заңдарын, мемлекеттік тілді білу, жасы 35-тен аспауы, бойы 170 см. кем болмауы тиіс.

  1. Бөрлі ауданының полиция бөлімінің жедел-криминалистикалық тобының криминалисі (С-SVR-8 санатты, 1 бірлік)

Функциялық міндеттері: заттай айғақтарға криминалистикалық зерттеу жүргізеді. Маман ретінде тергеу әрекеттерінің өндірісіне қатысады.

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім (заңтану, құқық қорғау қызметі,  филология, лингвистика, физика, химия, биология,  биотехнология, материалтану және жаңа материалдар технологиясы, органикалық емес (органикалық) заттардың химиялық технологиясы, медицина), Қазақстан Республикасының Заңдарын, мемлекеттік тілді білу, жасы 35-тен аспауы, бойы 170 см. кем болмауы тиіс.

  1. Бөкей ордасы, Ақжайық, Бәйтерек, Казталов, Қаратөбе, Жаңақала, Теректі және Шыңғырлау аудандарының полиция бөлімдері жол және техникалық инспекциясы тобының мемлекеттік автоинспекторы (С- SVR-8 санатты, 1 бірліктен)

Функциялық міндеттері: қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қылмысқа қарсы күресуге қатысады, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім (көлік, көлік техникасы және технологиялар, көлік құрылысы, көлік тасымалдауларын, қозғалысын ұйымдастыру және пайдалану), Қазақстан Республикасының Заңдарын, мемлекеттік тілді, жол қозғалысы ережесін білуі, «В,С1» санатты жүргізуші куәлігінің болуы және автокөлік жүргізу өтілі 3 жылдан кем болмау қажет, жасы 35-тен аспауы, бойы 170 см. кем болмауы тиіс.

  1. Орал қаласы Полиция басқармасының, Ақжайық, Бәйтерек, Бөкей ордасы, Бөрлі, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Казталов ауданының полиция бөлімдерінің, Тайпақ, Абай, Шаған, Приурал, полиция бөлімдерінің учаскелік полиция инспекторы (С-SVR-8 санатты, 17 бірлік)

          Функциялық міндеттері: қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қылмысқа қарсы күресуге қатысады.

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім (заңтану, халықаралық құқық,  құқық қорғау қызметі, алғашқы әскери даярлық, мемлекеттік және жергілікті басқару), Қазақстан Республикасының Заңдарын, мемлекеттік тілді білу, жасы 35-тен аспауы, бойы 170 см. кем болмауы тиіс.

  1. Полиция департаменті, Орал қаласының Полиция басқармасы патрульдік полициясы батальонының, Бөрлі ауданы полиция бөлімі патрульдік полиция взводының қызмет инспекторы (С-SSP-8 санатты, 57 бірлік)

Функциялық міндеттері: қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қылмысқа қарсы күресуге қатысады, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары, арнайы-орта білім (заңтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, көлік, көліктік техника және технология, көлік тасымалдауларын, қозғалысын ұйымдастыру және пайдалану) Қазақстан Республикасының Заңдарын, мемлекеттік тілді, жол қозғалысы ережесін білуі, «В,С1» санатты жүргізуші куәлігінің болуы және автокөлік жүргізу өтілі 3 жылдан кем болмау қажет, Қарулы күштері қатарында қызмет өткеруі, жасы 35-тен аспауы, бойы 175 см. кем болмауы тиіс.

  1. Орал қаласы Полиция басқармасының, Бөрлі ауданының полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы (С-SVR-8 санатты, 1 бірлік)

Функциялық міндеттері: қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қылмысқа қарсы күресуге, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға қатысады.

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім (заңтану, құқық қорғау қызметі, педагогика және психология,  алғашқы әскери даярлық, дене шынықтыру және спорт, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, психология), Қазақстан Республикасының Заңдарын, мемлекеттік тілді білу, жасы 35-тен аспауы, бойы 170 см. кем болмауы тиіс.

  1. Ақжайық, Тасқала аудандарының полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы (С-SVR-8 санатты,
    1 бірліктен)

Функциялық міндеттері: қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қылмысқа қарсы күресуге, құқық бұзушылықтың алдын алуға қатысады.

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім (заңтану, құқық қорғау қызметі, халықаралық құқық, педагогика және психология,  халықаралық қатынас, психология), Қазақстан Республикасының Заңдарын, мемлекеттік тілді білу, жасы 35-тен аспауы, бойы 170 см. кем болмауы тиіс.

  1. ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы
    (С-SN-8 санатты, 1 бірлік)

Функциялық міндеттері: қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қылмысқа қарсы күресуге қатысады.

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары, арнайы-орта білім (заңтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, алғашқы әскери даярлық, дене шынықтыру және спорт), Қазақстан Республикасының Заңдарын, мемлекеттік тілді білу, Қарулы күштері қатарында қызмет өткеруі, жасы 35-тен аспауы, бойы 175 см. кем болмауы тиіс, күрес және атыс түрлерінен спорттық, біліктілік разряды болуы қажет.

  1. Орал қаласы Полиция басқармасының, Бөрлі, Сырым, Теректі, Шыңғырлау ауданының полиция бөлімдерінің әкімшілік практика инспекторы (С-SVR-8 санатты, 1 бірліктен)

Функциялық міндеттері: қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қылмысқа қарсы күресуге қатысады.

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім (заңтану, құқық қорғау қызметі, халықаралық құқық, автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету), Қазақстан Республикасының Заңдарын, мемлекеттік тілді, жол қозғалысы ережесін білуі, «В,С1» санатты жүргізуші куәлігінің болуы және автокөлік жүргізу өтілі 3 жылдан кем болмау қажет, жасы 35-тен аспауы, бойы 170 см. кем болмауы тиіс.

  1. Орал қаласы Полиция басқармасының, Бөрлі, Бәйтерек, Жәнібек, Жаңақала, Сырым, Тасқала, Шыңғырлау ауданының полиция бөлімдерінің көші-қон қызметі тобының инспекторы (С-SVR-8 санатты, 1 бірліктен)

Функциялық міндеттері: қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, көші-қон саласында қылмысқа қарсы күресуге қатысады.

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім (заңтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, құқық және экономика негіздері, шетел тілі, халықаралық қатынастар, теология, түркітану, әлеуметтану, саясаттану, аймақтану), Қазақстан Республикасының Заңдарын, мемлекеттік тілді білуі. Жасы 35-тен аспауы, бойы 170 см. кем болмауы тиіс.

  1. Ақжайық, Бөкей ордасы, Бәйтерек, Жәнібек, Тасқала, Теректі ауданының полиция бөлімдерінің қызметтік және азаматтық қару айналымын бақылау тобының инспекторы (С-SVR-8 санатты, 1 бірліктен)

Функциялық міндеттері: қару айналымын қадағалау.

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім (заңтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, құқық және экономика негіздері,), Қазақстан Республикасының Заңдарын, мемлекеттік тілді білуі. Жасы 35-тен аспауы, бойы 170 см. кем болмауы тиіс.

  1. Орал қаласы Полиция басқармасының, Ақжайық, Тайпақ, Жәнібек, Сырым ауданының полиция бөлімдерінің учаскелік полиция инспекторының көмекшісі (С-SVR-8 санатты, 6 бірлік)

          Функциялық міндеттері: қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қылмысқа қарсы күресуге қатысады.

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары, арнайы-орта білім (заңтану, халықаралық құқық,  құқық қорғау қызметі, алғашқы әскери даярлық, мемлекеттік және жергілікті басқару), Қазақстан Республикасының Заңдарын, мемлекеттік тілді білу, Қарулы күштері қатарында қызмет өткеруі, жасы 35-тен аспауы, бойы 170 см. кем болмауы тиіс.

  1. Орал қаласының Полиция басқармасы, Абай, Жалпақтал полиция бөлімінің тылды қамтамасыз ету тобының полицей-жүргізушісі (С-SV-12 санатты, 1 бірліктен)

Функциялық міндеттері: қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қылмысқа қарсы күресуге қатысады.

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: орта білім,  Қазақстан Республикасының Заңдарын, мемлекеттік тілді білуі қажет, Қарулы күштері қатарында қызмет өткеруі, жасы 35-тен аспауы, бойы 170 см. кем болмауы тиіс жол қозғалысы ережесін білуі, «В,С1» санатты жүргізуші куәлігінің болуы.

  1. Орал қаласының Полиция басқармасы айдауылдау қызметі взводының полицейі (С-SV-12 санатты, 1 бірліктен)

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: орта білім, Қазақстан Республикасының Заңдарын, мемлекеттік тілді білу, Қарулы күштері қатарында қызмет өткеруі, жасы 35-тен аспауы, бойы 170 см. кем болмауы тиіс.

  1. Тайпақ, Ақжайық полиция бөлімдерінің уақытша ұстау изоляторының полицейі (С-SV-12 санатты, 1 бірліктен)

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: орта білім, Қазақстан Республикасының Заңдарын, мемлекеттік тілді білу, Қарулы күштері қатарында қызмет өткеруі, жасы 35-тен аспауы, бойы 170 см. кем болмауы тиіс.

Құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн ІІО-ның кадр қызметіне қолма-қол тәртіпте құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімдерінде қоса берілетін құжаттар тізбесін көрсете отырып, құжаттар тігетін мұқаба тыста орналастырылған мынадай құжаттарды тапсырады:

- бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;

- еңбек қызметін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (болған кезде);

- әскери билеттің немесе шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (қолда бар болса);

- кандидаттың соңғы жұмыс (оқу) орнынан немесе әскери қызметін өтеген әскери бөлімнен мінездемені;

- 3,5х4,5 см өлшемдегі төрт фотосуретті;

- Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

- Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтаманы;

- құжаттарды тапсыру сәтінде өту мәнінен төмен емес нәтижелері бар, Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тестілеуден өткені туралы жарамды сертификатты (не сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін);

- конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалаудан өткені туралы жарамды қорытындыны (не қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесін);

- біліміне, жұмыс тәжірибесі мен кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтар беру туралы, спорттық жетістіктерін дәлелдейтін құжаттардың, мінездемелердің, ұсынымдардың, ғылыми жарияланымдардың және тағы басқаларының көшірмелерін) (болған кезде).

Құжаттар пакетін толық ұсынбау оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы