Оралда полиция қызметкерлері Қостанай облысының тұрғынын есірткі сатумен айналысты деген күдікпен ұстады. Орал қаласында полиция қызметкерлері Қостанай облысының 18 жастағы тұрғынын ұстады. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жас жігіттен ішінде ақ түсті ұнтақ заты бар 37 «зип-пакет» тәркіленді.
Сондай-ақ күдікті есірткі жасырған жерлерді көрсетіп, нәтижесінде ішінде ақ түсті ұнтақ заты бар 5 «зип-пакет» тәркіленді. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды анықтау және жолын кесу бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда.
2024 жылғы 9 қаңтарда Орал қаласында Әбілқайыр хан даңғылында патрульдік полиция қызметкерлері "Mercedes Benz"маркалы автокөлікті тоқтатып, тексеру кезінде жүргізушінің жалған мемлекеттік нөмірлері бар көлік құралын басқарғанын анықтады.
Әкімшілік хаттама жасақтап болғаннан кейін жүргізуші полициядан жасырынуға тырысты. Оны ұстау үшін қосымша жасақтар мен автопатрульдер тартылды. Тәртіп бұзушы қызметкерлердің тоқтау талаптарын елемей, жолдарда қауіпті жағдайлар туғызып, бағдаршамның тыйым салу белгісінен өтіп, жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндірді.
Полиция қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында көлік Молдағұлова көшесінде тоқтатылды. Жүргізушіге қатысты жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін бірден бірнеше әкімшілік хаттама толтырылды.
Құқық бұзушының көлігі арнайы автотұраққа жеткізілді. Полиция жалған мемлекеттік нөмірлерді қолдануға тиым салынғандығын және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау керек екендігін еске салады. Осындай әрекеттер әкімшілік және кейбір жағдайларда қылмыстық жауапкершілік әкеліп соғатын еске саламыз.
БҚО ПД Баспасөз қызметі
Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері “Айфонды” несиеге сатып алу схемасы арқылы бірнеше танысын алдаған ер адамды ұстады.
Алаяқ өз таныстарына бірнеше смартфон сатып алуды ұсынған, оларды қымбатырақ бағаға сату арқылы пайда табатындарына уәде берген. Ол телефондарды сатқаннан кейін несиелерін жауып, қалған соманы бөліп алатындарын айтқан. Орал қаласының тұрғындары оның сөздеріне сеніп, үш “IPhone 15” сатып алған және оған 2 миллион теңгеге жуық ақша берген.
Телефондарды алған соң алаяқ ізін суытып, жәбірленушілерді сан соқтырып кеткен.
Тергеу нәтижесінде жәбірленушілерге келтірілген жалпы материалдық шығынның 5 миллион теңгеден астам екені анықталды. Қаржылық шығынға ұшырағандар туған бауырлар болып шықты. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
Полиция азаматтарға ірі сомаға келісімдер жасау кезінде сақ болуға кеңес береді
Патрульдік полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің нәтижесінде бір жасар бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Оқиға Орал қаласындағы айналмалы тас жолында, патрульдеу кезінде болған. Полиция қызметкерлеріне бір жүргізуші келіп тоқтап, көмек сұрап жүгінген. Ол баласының жағдайы ауыр екенін және жолдардағы мұздың салдарынан ауруханаға тез жете алмайтынын хабарлаған.
Полиция қызметкерлері Орал қ. ППБ аға қызмет инспекторы полиция капитаны Азамат Мұхамбетов пен қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Наурызбек Бектасов уақыт жоғалтпай дереу көмек көрсету туралы шешім қабылдайды. Олар анасын және баласын патрульдік көлікке отырғызып алып, оларды ауруханаға жедел жеткізді. Бүлдіршінге қажетті медициналық көмек көрсетілді.
Қазір баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, жағдайы жақсы.
Бұл жағдайда патрульдік полиция қызметкерлерінің жеделдігі мен дайындығының жоғары деңгейін көрсетеді, олар кез келген сын-қатерлерге жедел ден қойып, жолдардағы тәртіпті сақтай отырып, азаматтардың игілігі үшін жұмысын жалғастыруда.
«2024-2028 жылдарға арналған қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздік тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына» сәйкес "102" арнасы арқылы келіп түскен құқық бұзушылық туралы сигналдар бойынша ойынсауық мекемелерінің қауіпсіздік деңгейін бағалау критерийлері (рейтингі) бекітілді.
Осыған байланысты "Заң және Тәртіп" қағидатын іске асыру аясында БҚО полиция департаменті облыстың ойын-сауық орындарынан келіп түсетін құқық бұзушылықтар туралы өтініштерге
талдау жүргізді.
Талдау нәтижесі бойынша хабарламалардың басым бөлігі мына ойын-
сауық орындарынан келіп түскені анықталды: "Central караоке" караоке-бары- 52, "Моnreal" түнгі клубы-38, "Али" кафесі-35, "ЛасВегас" түнгі клубы-35, "TheBar" түнгі клубы-35, "ЧечелПаб" түнгі клубы"–27, "Алғабас" кафесі-27.
Биыл жыл басынан бері "102" операторының пультіне ойын-
сауық орындарынан 1136 өтініш келіп түсті, оның ішінде 96-ы қылмыс ретінде тіркелді. Олар: 47 бөтеннің мүлкін
ұрлау, 13 бұзақылық, мүлікке зиян келтірудің 12 фактісі,
денсаулыққа қасақана зиян келтірудің 11 фактісі, алаяқтық, бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру және иемдену 2 фактіден, тонау және есірткі қылмыстары – әрқайсысы бір фактіден тіркелді.
Батыс Қазақстан облысы Әкімдігі және маслихат депутаттарының қолдауымен су жаңа 15 бірлік «Газель Соболь» маркілі көліктерді БҚО ПД барлық аудандық полиция бөлімдерінің кезекші бөлімдеріне табысталды.
Жалпы алғанда облысымызда екі жыл ішінде Полиция департаментінің материалдық техникалық базасы 165 бірлікке жаңарды. Кезекші бөлімдерге беріліп отырған жаңа көліктер жедел-тергеу топтарының оқиға орнына жедел баруына, әрі сапалы қызмет жасауына үлкен көмегін тигізеді.
Сонымен қатар, Полиция департаментінде жаңадан штаттық бірлік берілген табиғатты қорғау бөлімшелеріне жаңа үш моторлы қайық алынды. Бұл өңіріміздің су айдындары мен өзендерінде табиғаты қорғау, патрульдеу, су тасқыны болған жағдайда эвакуациялау жұмыстарына үлкен көмек болмақшы және де бұл бөлімге жаңа жол талғамайтын көліктер берілді.
Материалдық техникалық базаның жақсаруы - облысымыздың тұрғындарына көрсетілетін қызмет сапасының артуына зор үлес қосады.
Алдағы уақытта мұндай жұмыстар жалғасады.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер жоғалған банк картасынан 400 мың теңгеден астам сомаға сауда жасаған күдіктінің жеке басын анықтады. Жәбірленуші әйелдің картасын жоғалтып алғаны және бұл туралы білмегені анықталды. Ол картаны ұзақ уақыт пайдаланбағандықтан, банктің қосымшасын қолданып жүрген және жоғалғаннан кейін бір айдан кейін ақшаның жетіспейтіндігін байқады. Сонымен қатар 33 жастағы тұрғын Ақсай қаласында картаны тауып, түрлі сауда жасаған, соның ішінде ол азық-түлік, алкоголь сатып алған, тіпті әйеліне гүл шоғын сатып алған. Полиция күдіктіні анықтап, оған қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.
19 желтоқсанда Орал қаласы полиция басқармасының Абай полиция бөлімінің қызметкерлері Рүстем Мұхамбетьяров және Санжар Әбдірахманов облыс орталығындағы мектептердің бірінде құқықтық сауаттылық сабақтарын өткізу кезінде терезеден бір әйел адамның көшеде құлағанын байқады. Оның жанында оған көмектесуге тырысқан кәмелетке толмаған қызы болған.
Полицейлер дереу көшеге жүгіріп шығып, жеткен кезде оның ес-түссіз жатқанын көреді, тез арада шешім қабылдап ауа-райының суық болуына байланысты, оны ақырын көтеріп, мектеп ғимаратының ішіне алып келеді. Онда қызметкерлер алғашқы көмек көрсете бастайды. Біраз уақыттан кейін әйел адам есін жинап, өзіне келді. Полиция қызметкерлері дереу жедел жәрдем шақырады.
Мән-жайларды анықтау барысында әйелдің эпилепсиямен ауыратындығы анықталды. Жедел жәрдем келгеннен кейін полицейлер зардап шеккен адамды дәрігерлерге тапсырды. Дәрігерлер полицейлерге уақтылы көрсеткен алғашқы көмегі үшін алғысын білдіріп, ал әйел адамның өзі полиция қызметкерлеріне ризашылығын жеткізді.
Бүгін Орал қаласындағы N°40 жалпы орта білім беретін мектебінде БҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы полиция аға лейтенанты Рүстем Смағұл мен Орал қ.ПБ патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы полиция лейтенанты Ескалиев Оралбек және Абай Пб ЖПҚб кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Орынгалиева Ұлболсын оқушыларға арнайы сабақ өткізіп, тәртіпті болуды, құқықбұзушылық жасамауды, оның салдары мен жауапкершілігін атап өтті.
Сонымен қатар, оқушылар қазіргі қыс мезгілінде ауа-райының өзгеруіне байланысты жолдағы қауіпсіздік ережелерін тағы да бір қайталап, ойларына түйіп алды.
Кездесу соңында оқушылар өздері полиция қызметкерлеріне сұрақтарын қойып, оған тиісінше жауаптар алды.
Мұндай құқықтық тәрбие беретін іс шаралар тұрақты негізде жалғасатын болады.