БҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Шекара қызметімен бірлесіп, мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болған 2002 жылы туылған жас жігітті ұстады. Ресей Федерациясына Қазақстан Республикасының шекарасын заңсыз жаяу өтіп кетпекші болған жігітті ұстау кезінде оның жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған. Жауап алу кезінде ол 2022 жылы Мысыр еліне Сьерра-Леоне Республикасынан босқын ретінде келгенін айтты. «Босқын» визасының мерзімі өткеннен кейін ол Мысыр шекарасын заңсыз кесіп өтіп, одан кейін Түркия елінде заңсыз қалды. Сондай-ақ, ол Армения, Түркіменстан, Өзбекстан шекарасынан заңсыз өтіп, Қазақстан Республикасының аумағына жеткен. Ол Шымкент, Алматы қалаларында болған, 2023 жылғы 23 қарашада Оралда «тұрғын үймен және жұмыс істеуге көмектесемін» деген досымен автобуспен Ақтөбеге келеді, осы қызметі үшін оған 2 мың доллар төлеген. Алайда кейін ол өзінің алданғанын түсінді.
Қазіргі уақытта ұсталған азамат Орал қ. ПБ қабылдап-тарату орнына орналастырылды. Аталған факті бойынша материал жинақталып, шешім қабылдау үшін Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.
БҚО ПД Көші-қон заңнамасының қызметкерлері БҚО бойынша ҚР ҰҚКД Шекара қызметімен бірлесіп мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту кезінде Йемен Республикасының азаматын және Сирия елінің азаматын анықтап, ұстады. Олар мемлекеттік шекара режимін бұза отырып, өткізу пунктін айналып өтіп мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпекші болған.
Аталған факті негізінде барлық шетел азаматтары РҚ ӘҚБтК-нің 514-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауаркершілікке тартылды және БҚО Бөрлі аудандық сотының шешімімен ұсталған азаматтарға Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу жазасы қолданылды.
Қазіргі уақытта шетелдіктер ҚР шегінен шығарылды.
Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу қашан да басты назарда. Қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Осыған орай Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде облыстық Білім басқармасы, Орал қалалық білім беру бөлімі және Орал қаласының колледж, мектеп директорларымен бірлескен кездесу өтті. Кездесуге департамент басшылығы, жергілікті полиция қызметі, криминалдық полиция, есірткіге қарсы күрес, ұйымдасқан қылмысқа, экстремизмге қарсы күрес басқармаларының басшылары, ювеналдық және криминалдық полиция бөліністерінің жеке құрамы қатысты.
Әрбір адамның өмірде толыққанды тұлға болып қалыптасуында құқықтық тәрбиенің алар орны ерекше. Тәрбиенің сан қырын қарастырсақ та құқықтық тәрбие, құқықтық сауаттылық көш ілгері болмақ. Қазіргі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе бүгінде көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді елең қылуда. Тәртібі қиын бала есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта беретінін ескерсек, бұл аса өткір мәселе екенін мойындауға мәжбүрміз.
-«Ағымдағы жылдың 10 айынының қорытындысы бойынша жүргізілген талдауға сәйкес кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар 26,1% - ға өсті (69-ден 87-ге дейін), олардың ішіндегі 7-еуі эпизодтың істер. Қылмыстың басым бөлігі, яғни 42,6% (54-тен 77-ге дейін) Орал қаласында орын алған. 82 кәмелетке толмаған жасөспірім 87 қылмыс жасаған, оның 48-і оқушылар (30 колледж оқушысы, 13 орта мектеп оқушысы және 5 жоғары оқу орындарының студенттері).Есірткі сипатында (ҚК 296-б. 2-б. есірткі, психотропты заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) 4 кәмелетке толмағандардың тарапынан жасалған 4 қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық кодексінің 81-б. 7-т. сәйкес кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдерге 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылу жазасы көзделген. Кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстарды 12,9%-ға (124-тен 108-ке дейін) төмендетуге қол жеткізілді. Бүгінгі таңда Орал қалалық білім беру ұйымдарының қабырғасында 14 қылмыс орын алған. Олардың ішінде: 8 ұрлық, 1 ұсақ ұрлық, 2 алаяқтық, 1 орташа ауырлықтағы денсаулыққа зиян келтіру, 1 бұзақылық, 1 балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамаусалдарынан орын алып отыр» - деп көрсетті Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Арман Оразалиев.
Одан әрі кездесу барысында Орал қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Арман Құсайынұлы және Орал қалалық білім бері бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Индира Сапарқызына қала бойынша орын алған жасөспірімдермен жасалған құқықбұзушылықтар жөнінде өз баяндамасында тоқтатылып өтті. Сондай-ақ, жасөспірімдермен жұмыс кезінде ерекше қызметімен көзге түскен қызметкерлер марапатталып, көпке үлге етілді.
Жоғарыда айтылғандай, кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық жасауының себептеріне кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның, прокурорлық қадағалау, полиция, сот-тергеу органдарының қызметін жетілдіру шаралары көзделіп, кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алудың тиімділігін арттыру үшін барлық құқық қорғау, мемлекеттік басқару органдарының, балалар мен жасөспірімдер мәселелерімен айналысатын жастар және қоғамдық ұйымдар мен мекемелердің өзара ықпалдасуын, қызметтерін үйлестіру жөнінде кешенді шараларды әзірлеу қажет. Осыған байланысты кездесу соңында одан әрі бірлескен жұмыстарды жандандыру қажеттілігі, соның ішінде бірлескен іс-шаралар жоспарын ұйымдастыру, мектеппен тығыз қарым-қатынастағы инспекторлардың жұмыстарын бірізділендіру қажеттілігі айтылды.
БҚО ПД баспасөз қызметі
Ағымдағы жылдың 13 қарашасында шамамен сағат 23:10-да қызмет өткеру кезінде Орал қ. Полиция басқармасы Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Орал қаласы маңында күдік тудырған "Volkswagen Passat" маркілі автомашинасын тоқтатады. Автокөлік жүргізушісі көлік құралын тоқтату туралы полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, жол қозғалысын жалғастырады. Қозғалыс кезінде рөлге ие болмай, қаладағы Абдолов көшесінде орналасқан үйдің қақпасына түйіседі. Кейін полиция қызметкерлерімен ұсталады.
Көлік тоқтату барысында көлік ішінде Өзбекстан Республикасының 1996 ж.т. екі азаматының болғаны және олар сараптама қорытындысы бойынша екеуі де "орташа дәрежедегі алкогольдік мас күйі жағдайында" болғандығы анықталады. Сондай-ақ, тексеру барысында ұрланған автокөліктің Бәйтерек ауданының 1978 ж.т. тұрғынына тиесілі екені анықталды.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы 2-бөлігі (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау – Қазақстанның отбасылық-демографиялық саясатының күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Осы тақырып аясында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Қазақстандағы Фридрих Эберт Қорымен бірлесіп 2023 жылғы 30-31 қазан күндері «ODARA – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қаупін бағалау құралын қолдану тәсілі» атты өңірлердің Полиция департаменттерінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторларына және ведомстволық оқу орындарының оқытушыларына арналған Халықаралық тренинг өткізді.
Іс-шараның басты мақсаты – тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге көмек көрсетуден бөлек, агрессорлармен жұмыс істеуді іске асыру үшін үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдар арасында ведомствоаралық өзара әрекеттесуді орнату.
Сонымен қатар, Қазақстандағы Фридрих Эберт Қоры Германиядан келген сарапшылармен бірге елімізде ағымдағы жылдың наурыз айынан бері жүзеге асырылып келе жатқан пилоттық жоба бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық қатерлерін бағалайтын халықаралық «ODARA» құралын қолданудың тәсілдерін қатысушыларға кеңінен үйретті.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбының қазіргі қоғамдағы маңыздылығын ескере отырып, аталған әдісті осы тренингке қатысқан өңірлердің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау инспекторлары арқылы еліміздің осы мәселемен күресетін барлық полиция қызметкерлеріне үйрету жоспарланып отыр.
Осыған сәйкес аталған семинарға өңірімізден БҚО ПД ЖПҚБ Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі аға инспекторы полиция майоры Сатарова Диляра Махмудқызы қатысып қайтты. Енді ол алған білімін ортаға салып ODARA құралының тәсілін әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторларға, Орал қалалық Полиция басқармасы, Абай полиция бөлімі және Шаған полиция бөлімінің учаскелік инспекторларына, ювеналды полиция инспекторлары мен патрульдік полиция инспекторларына тренинг-сабақтар өткізіп, түсіндіретін болады.
Асылай Губашева
БҚО ПД баспасөз қызметі
Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша Ішкі істер министрлігі ағымдағы жылдың 23 қаңтарынан 30 маусымына дейін біздің елімізге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруға өтінімдер қабылданды.
Алайда елімізге 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін әкелінген көлік құралдары заңдастыруға жатпайды. Батыс Қазақстан облысы бойынша барлығы 21 мыңнан астам шетелдік автокөлік заңдастырылды. Бір реттік заңдастыруды ескере отырып, автокөлік иелеріне 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін заңдастыруға берілген өтінімдер ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін ғана қаралатынын хабарлаймыз.
Бүгінгі күні нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізілуде.
Яғни, шетелдік автокөліктерді заңдастыруға 2 айдан аз уақыт қалды.
Уақыттың шектеулі екенін ескере отырып, біз автокөлік иелерін заңдастыру процесін аяқтауға және көліктерін тіркеуге шақырамыз.
Бөрлі ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері қарашаның 2 күні кешкі сағат 20:20 кезінде БҚО Бөрлі ауданы қарасты Утвинка ауылынан 500 метр қашықтықта «TOYOTA HILUX» маркілі автокөлігін тоқтатады. Тексеру барысында автокөліктің салонынан бөлшектелген 2 қап еліктің еті, тегіс ұңғылы қосауыз мылтық және оқ-дәрілер табылып тәркіленді. Қосымша тексеру барысында аталған ауылдың батыс бағытында жануардың 2 басы, 2 тері және 7 аяғы табылып, тәркіленді. Аталған дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.
Ұсталған 2000ж.т., 1983ж.т., 1986ж.т., 1977ж.т. азаматтар бұл әрекеттерін аң аулауға шыққандарымен түсіндірді.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігіне (Заңсыз аңшылық) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жол-көлік апаттарының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шараларды өткізіп тұрады.
Батыс Қазақстан облысының полицейлері осындай кезекті рейдтік іс-шаралар барысында қала көшелерін патрульдеп келе жатып, «Променад» сауда үйінің жанында күдік туғызған “Hyundai Accent“ маркалы автокөлікті тоқтатады.
Автокөлік иесінің құжаттарын тексере келе, оның Орал қаласының 1994ж.т. тұрғыны екені, жүргізушінің мас халде және құжатсыз екендігін анықталды. Белгілі болғандай жүргізуші 24.09.2021ж. өмір бойына көлік айдау құқығынан айырылған. Ол сол кездегі әрекетінен сабақ алмай, жүргізілген медициналық зерттеудің қорытындысына сәйкес есірткіге мас күйінде көлік басқарғаны анықталып, тағы да қайталап отыр.
Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігіне сәйкес “Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру“ бойынша тіркелді.
Сондай-ақ, қазанның 26 күні сағат кешкі 21:40 кезінде 1965ж.т. жүргізуші «Hyundai Accent» маркілі автокөлігін басқара отырып, Орал қаласындағы Құрманғазы көшесінің бойында жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтіп, кәмелетке толмаған 2010 ж.т. жаяу жүргіншіні қағып кетуге жол берді. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жәбірленуші ауруханаға жеткізілді. Тексеру жұмыстарын жүргізу барысында, бұл дерек те сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес «орта дәрежедегі мас күйі жағдайында» болғаны белгілі болды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-1 бабы 1-бөлігіне (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Негізінде жол-көлік оқиғалары көбіне осылай рөлге мас күйде отыру салдарынан болады. Сондықтан ішімдік ішіп көлік тізгіндемеңіз. Бұл өз өміріңізбен қатар, өзгенің де өміріне қауіпті болмақ!
Қазанның 28 күні сағат 08:30 кезінде Шыңғырлау ауданына қарасты Ащысай ауылында 1989ж.т. әйелге тиісілі автокөлікті белгісіз біреу айдап әкеткен. Күдікті үйінің қасында қойып кеткен «ВАЗ 21214» маркілі автокөлікті ішінде тұрған кілтімен от алдырып, көршілес ауылға дейін жету үшін пайдаланбақшы болған.
Шыңғырлау аудандық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барасында сол ауданның 34 жасар тұрғыны анықталып, ұсталды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.
ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сондай-ақ күдіктінің өзге де ұрлық істеріне қатысының бар, жоқтығы тексеріліп жатыр.
БҚО ПД Орал қ. ПБ Абай полиция бөлімінің қызметкерлері қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні анықтап, қолға түсірді.
Қазанның 26 күні сағат шамамен 11:30 кезінде белгісіз біреу 1938ж.т. зейнеткердің үйінің есігін қағады. Есіктің құлпын ашқан әйелге бас салып, күш қолданып, бірнеше рет соққы жасайды. Кейін үйге кіріп, үйден жәбірленушінің қызына тиесілі 720 000 Ресей рубль ақшасын (5000 купюралармен) жымқырып кеткен. Келтірілген залал 3 500 000 теңгені құрап отыр.
Қылмыс орын алғаны туралы ақпарат түсе салысымен, оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері жетіп, арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 1991 ж.т. Орал қаласының тұрғынын анықтап, ұстады. Тексеру барысында оның алаяқтық, ұрлық, тонау қылмыстарына қатысының бары белгілі болды.
Ұрланған ақша жартылай тәркіленді.
Ұсталған азамат Орал қ. ПБ уақытша-ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 192-бабы 3-бөлігіне (Қарақшылық) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.
БҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Орал қаласында балық пен бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын сатумен айналысатын заңсыз арнаны анықтады. Тексеру барысында ұсталған қылмыстық топ Батыс Қазақстан облысында бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз сатумен айналысқаны белгілі болды. Олар балық өнімдерін жалған құжаттарымен Орал қаласындағы орталық базарларына әкеліп сатқан.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 1520,55 кг. бекіре балығы, 27,3 кг. қызыл және 1,25 кг. қара уылдырық, сондай-ақ жалпы сомасы 2 млн 705 мың теңге және 35,8 мың рубль қаражаты, сондай-ақ, тапанша, оқ-дәрілер, электронды таразы, пышақ, дүрбі табылып, тәркіленді.
Ұсталған азаматтар Батыс Қазақстан облысының тұрғындары екені анықталды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабы 2-бөлігі (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тереп-тексеру жұмыстары басталды. Заң бұзғандарға қатысты қозғалған іс жан-жақты тексеріліп жатыр