ҚР ІІМ логотипі
ҚР ІІМ логотипі
Меню
Страницы
Құжаттар
Департамент туралы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Қызметі
Онлайн қабылдау
Все материалы
Криминалдық полиция
29 января 2024
Батыс Қазақстанда полиция қызметкерлері жалған полиция қызметкерін ұстады


      Полицейлер Орал қаласының тұрғыны өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, 1990ж.т. Орал қаласының басқа тұрғынына тиесілі 100 мың теңге көлеміндегі ақшасын алдап алып кеткенін анықтады.

      Сондай-ақ күдіктінің тұрғылықты жерін және автокөлігін тінту барысында «страйкбол» ойыны үшін автомат, аталған автоматтың 1 магазині, 2 пневматикалық винтовка, полиция қызметкерінің нысанды киімі, көзінің ойықтары бар қара түсті бетперде табылып, тәркіленді. Тергеу жұмыстары жүргізілуде.

      Егер сіз осыған ұқсас қылмыстардан жәбір көрсеңіз немесе осыған қатысты қандай да бір ақпаратты білсеңіз дереу полиция қызметіне хабарласыңыз.

Криминалдық полиция
29 января 2024
Полиция қызметкерлері Орал қаласының тұрғынының атына несие толтырмақшы болған алаяқтардың жолын кесті

      Жуырда Орал қаласының тұрғынына белгісіз біреу хабарласып, сеніміне кіріп, ұзақ сөйлеседі. Тіпті гипнозда болғандай күйдегі зейнеткер қоңырау шалған алаяқтың барлық айтқанын орындай бастайды. Абырой болғанда, бірнеше ай бұрын полиция қызметкерлері үй-үйді аралап, алаяқтықтың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп және зейнеткерді осындай шабуылшылардан қорғау мақсатында Egov mobile қосымшасы арқылы несие толтыруға жол бермеу үшін уақытша бұғаттау амалын жасаған болатын. Соның көмегі алаяқтардың арам ойларының жүзеге асуына кедергі келтірді.

      Өз кезегінде зейнеткер ер адам полиция қызметкерлеріне алғысын білдіріп, еліміздің тұрғындарына қырағы болуларын тіледі.

Криминалдық полиция
25 января 2024
Интернет-алаяқтарынан қалай сақтануға болады?

      Батыс Қазақстан облысында интернет алаяқтарынан зардап шеккен азаматтарға 28 миллион теңгеден астам қаржы қайтарылды. БҚО Полиция департаментінің киберполиция қызметкерлері 82 қылмыстың бетін ашты. БҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Ашкаров Бақыт Ысқақұлы сұхбат беріп, бүкіләлемдік желі арқылы халықтан ақша алудың жаңа және ескі, бірақ әлі де өзекті схемалары, сондай-ақ киберқылмыспен күресу шаралары туралы айтып берді.

      Бақыт Ықсақұлы, қазіргі таңда интернет-алаяқтық мәселесі қандай? Көптеген схемалар бұрыннан белгілі болғанына қарамастан, азаматтар киберқылмыскерлердің құрбаны болып, жинақтарынан ғана айырылып қана қоймай, миллиондаған долларға несиелер толтыруда. Солай емес пе?

  • Өкінішке орай, иә, қаншама профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілсе де, көптеген азаматтар шабуылдаушылардың айла-амалына түсіп жатады. Алаяқтар тек ІТ-технологияларды ғана емес, психологиялық әдістерді де шебер пайдалана отырып, жәбірленушілерді сан соқтырып кетіп жатқаны жасырын емес.

      Кәдімгі қойылған бағыт, алдымен  алаяқтар өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, сіздің атыңызға несие толтырылды немесе банк шотыңызға хакерлік шабуыл жасап  немесе біреу ақша ұрламақшы болғанын білген кезде адамды үрей билеп, ақшасын қорғау үшін оны ойланбастан шабуылдаушылардың шотына аударады немесе «AnyDesk», «HopToFesk», «RustDesk», «TeamViewer» секілді қашықтан қол жеткізу бағдарламаларын орнатады, міне солар арқылы алаяқтар ақшасын иемденіп алады.

      Мұндай қылмыстарды тергеудің күрделілігі барлық жағдайда дерлік алаяқтардың біздің елімізден тыс жерлерден әрекет етумен байланысты болып отыр. Соған қарамастан бұл бағыттағы жұмыстар алға басуда. 2023 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысында киберқылмыспен күресу үшін «Киберпол» пилоттық жобасы енгізілді, оның құрамына үздік жедел уәкілдер мен IT мамандары кірді. Қазір киберполиция бөлімі белсенді жұмыс атқаруда. Өткен жылы олардың көмегімен  82 қылмыстық іс ашылды, оның 23-і ауыр қылмыстар. Жалпы 28 миллион теңгеден астам шығын қайтарылды.

      Киберполицияның жұмысы туралы толығырақ айтып өтсеңіз, полицейлер интернет-алаяқтармен күресу үшін қандай әдістерді қолданады?

      Киберпол қызметкерлері екінші деңгейлі банктердің қауіпсіздік қызметімен тығыз ынтымақтастық орнатып, Қазақстан Республикасының байланыс операторларымен жұмыс тобын құрды. Алаяқтар қоңырау шалған абоненттік нөмірлерін бұғаттау үшін Ішкі істер министрлігіне жіберіледі. Сонымен қатар, біздің қолымызда белгілі бір технологиялар мен тергеу жүргізетін IT сарапшылары бар. Азаматтардың арыз-шағымдарын тексерумен қатар, біз алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, біздің мамандар әлеуметтік желілер мен жарнама сайттарын бақылап, күдікті фактілерді анықтайды.

      Дегенмен, интернет-алаяқтықтың алдын алудың ең жақсы әдісі - халықтың алаяқтардың айла-амалдарына еріп кетпеуі үшін халықтың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру. Бұл бағытта жүйелі түрде ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Біз алаяқтардың барлық схемалары туралы бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желідегі полиция департаментінің «policebqo» Инстаграм, Facebook, Telegram парақшаларында және  «Cyberpolice_zko» парақшалары арқылы халық назарына жеткізудеміз. Мемлекеттік және жеке ұйымдарда, оқу орындарында және т.б. халық көп жиналатын орындарда да алдын алу жұмыстарын жүргізудеміз.

      Алаяқтардың жиі құрбаны – зейнет жасындағылар. 

      Банк қызметкері ретінде қоңырау шалғаннан басқа алаяқтар тағы қандай айла-амалдарды қолданып жатады?

         -Көбіне-көп алдаушылардың құрығына егде жастағы адамдар түсіп қалып жатады. Қаскүнемдер олардың үй және ұялы телефондарына хабарласып, олардың жақын туыстарына қауіп төнді деп үрейлендіріп, сөйлесуді тоқтатпай, барлығын эмоционалды түрде жасап, яғни, айқайлап, жылап, сөйлесуді үзбей, туысқандарына қоңырау шалуға мүмкіндік бермейді. Жәбірленушілер өз сөздерінде сөйлескен адамның дауысы туысқандарының дауысына  өте қатты ұқсайтытынын, артынша қалай олардың айтқандарына ілесіп кеткенін аңғармай да қалғанын жеткізді.  Сондай-ақ, алаяқтар туысқандарының қандай да бір қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны және оны  ешкім білмеу үшін  бұл мәселені тез арада шешу қажеттілігін айтады. Тіпті, біздің тәжірибемізде алаяқтар «тисе терекке, тимесе бұтаққа» дей отырып, бір күнде бірнеше үй телефондарына қоңырау шалғаны туралы факті орын алды. Мәселен,  қаладағы Тайманов көшесіндегі бес қабатты 127-үйдің тұрғындарына бірінен соң біріне хабарласып үлгереді, артынша қоңырау шалғанның екеуі анықталып, қолға түсті.

          Алаяқтық қылмыстарының тағы бір жаңа түрі – авторизациясы бар үшінші тарап сайтына сілтемесі бар байқауға қатысатын жақын туысқанына дауыс беру туралы өтініші бар пошта жөнелтілімі. Жәбірленуші өзінің абоненттік нөмірін енгізгеннен кейін оған алты нөмірлі код келеді. Одан әрі  «Мәзір», «Орнату», «Байланыстырылған құрылғылар», «Құрылғыны байланыстыру», «Телефон нөмірі бойынша сілтеме»  пәрмендеріне кіру қажеттілігін сұрайды және синхрондаудан кейін алаяқтар сіздің мессенджеріңізге кіруге мүмкіндік алады. Мұндай жағдайда хабарламалар бойынша ақпараттың дұрыстығына көз жеткізбей, күмәнді сілтемелерді баспаған жөн.

      «Абоненттік нөмірлерді қайта тіркеу сылтауымен» алаяқтықтың тағы бір жаңа түрі пайда болды. Жәбірленушілерге ұялы байланыс операторының белгісіз өкілі қоңырау шалып, абоненттік нөмірді тіркеу мерзімінің аяқталуына байланысты олар оны жаңарту үшін SMS кодын растаңыз деп хабарласады. Жәбірленушілер білмей, алаяқтардың нұсқауларын орындап, «AnyDesk», «HopToFesk», «RustDesk», «TeamViewer» қосымшаларын немесе шабуылдаушы мобильді банкингке қол жеткізе алатын басқа қашықтан қол жеткізу қосымшаларын орнатады. Осылайша, қаңтар айының басында жәбірленуші Киберполға хабарласып, алаяқтар жоғарыда аталған әдіспен жәбірленушінің атына 2 миллион теңгеге несие толтыртқан.

      Мұндай жағдайларда ұялы байланыс операторының байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы ақпаратты екі рет тексеру қажет. Абоненттік нөмірлердің жарамдылық мерзімі болмайды.

      Қазір әртүрлі инвестициялық қорлардан жоғары пайыздық мөлшерлемелерді уәде ететін көптеген ұсыныстар бар, ал мұндай жарнамаға сеніп, миллиондаған несиелермен қалғандар аз емес. Мұндай ұсыныстар әлеуметтік желілер немесе Telegram және WhatsApp мессенджерлері арқылы таратылады, алаяқтар брендтік компаниялардың немесе ұлттық компаниялардың акцияларын төмендетілген бағамен сату туралы жалған жарнамаларды насихаттайды. Бұл жарнамалар ықпалды бизнесмендердің, банк төрағаларының, тіпті жоғары лауазымды шенеуніктердің дауыстарын алмастыру арқылы ұсыныстарымен қоса берілуі мүмкін.Бұл ретте олардың байланыс ақпаратын іздеудің қажеті жоқ, себебі олардың жалған аккаунттарына кіргеннен кейін сіздің контактілеріңіз оларда қалады және олар өздері сізбен байланысады және қомақты соманы инвестициялағаннан кейін шабуылдаушылар ақшамен бірге із-түссіз жоғалады. Ешқашан «тегін пайдаға» алданбаңыз, қырағы және байсалды болыңыз.

      Алаяқтықтың тағы бір салыстырмалы түрде соңғы түрі - бизнес өкілдеріне қатысты.

      Алаяқтар жеке кәсіпкерлерге басқа жеке кәсіпкердің шотын жалға беру арқылы ақша табуды ұсынады.Ақша табу мүмкіндігіне алданып, кәсіпкер қылмыскерлерге өзінің деректемелерін береді, олар кейін интернет-дүкендердегі тауарларды сату туралы жалған жарнамалар бойынша ақша аударымдары кезінде пайдаланады. Оның ішінде Каспий қосымшасында бөліп төлеу немесе несиеге беру де қарастырылған. Нәтижесінде мұндай істер жәбірленуші мен сатып алынған тауардың ақшасы атына түскен жеке кәсіпкердің иесі арасында сот ісін жүргізуге дейін әкеп соғады.

      Жеке кәсіпкерлерге жеке кәсіпкер шоттарының деректемелерін үшінші тұлғалардың пайдалануына беру ұсынылмайды, бұл жағдайда бұл операцияны ресми түрде ресімдеу қажет.

      Сатып алушылар тауарды сатып алғаны үшін төлем шот-фактурасын алған кезде жеке кәсіпкердің деректемелеріне, атауына, қызмет түріне назар аударуы керек. Мысалы, біздің тәжірибемізде «Балалар киімі» жеке кәсіпкерінен сатып алушы автокөлік шинасын сатып алуға арналған төлемге шот-фактура жібергені туралы факті де кездескен.

  • Айтыңызшы, біздің облысымызда азаматтарымыздың, әсіресе қаракөз қыздармыздың сезімімен ойнап, алдап соғатын алаяқтық фактілері орын ала ма?

      – Иә, өкінішке орай, мұндай да фактілер бар. Шабуыл жасаушы әлеуметтік желілерде танысып, жәбірленушінің сеніміне әбден кіреді. Содан кейін қымбат сыйлық бергісі келетінін айтып, құнды сәлемдеме жібергенін айтады, Кейін оған курьер, шекарашы немесе пошташы, кедендік баждарды есептеу, шетел валютасын айырбастау және т.б.секілді қызмет өкілдері ретінде алаяқтың сыбайластары хабарласып, құнды затты жеткізу үшін ақшалай қаражат сұрайды. Сөздеріне лажсыз сенген жәбірленуші ақшасын қалай салып жібергенін де байқамай қалады.

      Сондай жағдайдың бірі, жуырда облыс тұрғыны әлеуметтік желіде өзін Ұлыбритания азаматымын деп таныстырып, , жәбірленушінің сеніміне кіріп, сезімін пайдаланып, оған сыйлық ретінде 80 000 АҚШ долларын жібергендей болады. Нәтижесінде жәбірленген азаматша оны алу үшін Түркия елінің азаматының шотына 13 млн теңге көлемінде ақшасын жіберген.   

     Сұхбат соңында тағы бір рет еске салғым келеді, банк қызметкерлері ешқашан клиенттерге қоңырау шалмайды және олардан қашықтан қол жеткізу бағдарламаларын орнатуды талап етпейді, егер сізге мұндай қоңырау түссе, дереу телефон тұтқасын қойып, байланыс орталығына немесе полицияға хабарласқаныңыз жөн.

      Егер Сізге күдікті біреу қоңырау шалса немесе алаяқтардың құрбаны болсаңыз, дереу «CYBERPOLICE сенім телефонына» 92-19-06, 8-771-249-57-59 ұялы телефонына немесе 102 операторына хабарласыңыз. Сондай-ақ, «Cyberpolice_zko» Instagram парақшасына жазылуға болады. Мұнда құқықтық және қаржылық сауаттылықты арттыру бағытында ақпараттық материалдар тұрақты түрде жарияланып тұрады.

Жергілікті полиция қызметі
22 января 2024
Батыс Қазақстан облысында боранды күні адасып кеткен ер адам мен жасөспірімге патрульдік полиция қызметкері көмекке келді

      2024 жылғы 20 қаңтарда Орал - Тасқала тас жолымен БҚО ПД патрульдік полиция батальоны қызмет аға инспекторы Омар Габбасов жолдың жабық учаскесінде қалған автомашиналар колоннасын ілестіріп келе жатқан.
      Біраз уақыттан кейін ол жолдың шетінде тұрып, көмек сұраған екі адамды байқады.

      Инспектор алып жүріп келе жатқан көлік ағынына қарамастан, тоқтап көмек көрсетеді. 30 жастағы ер адаммен оның 15-16 жастағы інісі далаға мал іздеп шығып, адасып кеткені белгілі болды. Олар жолға қарай шығады, бірақ ауа-райының қолайсыздығына байланысты, бұл тасжолда қозғалыс шектеулі болғандықтан олар жол жиегінде ұзақ тұрған. Ер адамдар қатты тоңып қалған.
      Патрульдік көлікке отырған соң жылынып, полиция қызметкері оларды тұрғылықты жеріне - Тасқала ауылына жеткізген.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес
22 января 2024
Батыс Қазақстанда полиция қызметкерлері облыс орталығының аумағында акцизсіз темекі өнімінің заңсыз саудасының жолы кесілді


       Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен облыс орталығының аумағында акцизсіз темекі өнімінің заңсыз саудасы туралы жедел ақпараты бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді.

      Орал қаласының орталық базарында қала тұрғыны жалға алған контейнерлердің бірінде 174 блок акцизсіз темекі, сондай-ақ, оған тиесілі гаражынан 650 блок акцизсіз темекі өнімі табылды.

      Сонымен қатар, танысына тиесілі көршілес гараждан 250 блок акцизсіз темекі тәркіленді. Сондай-ақ, автокөлікті тінту кезінде 68 пачка акцизсіз темекі өнімі тәркіленді.

      Барлығы 1074 блок пен 68 пачка акцизсіз темекі заты тәркіленді.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес
22 января 2024
БҚО-да полиция қызметкерлері 217 ақбөкен мүйізін тәркіледі

      Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері және экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Орал қалалық ПБ Шаған полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе жедел-іздестіру іс-шарасы барысында сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде шұғыл тінту жұмыстарын жүргізу кезінде Орал қаласының тұрғынының пәтерінен 217 дана ақбөкен мүйізін тәркіледі. Анықталғанындай, ақбөкен мүйізін оған Бөкейордасы ауданынан танысы беріп жіберген. Ал Бөкейордасы ауданының тұрғыны жауап алу кезінде аталған мүйіздерді 2020 жылдан бастап жинағанын және оны өзінің құрылыс шаруашылығында сақтағанын және одан әрі іске асырып, пайда көру үшін мүйізді такси жүргізушісі арқылы қалаға беріп жібергенін айтты. Қылмыстық іс шеңберінде күдіктінің біріне тиесілі телефоны тәркіленді, онда мүйіздерді сату тақырыбында хабарламалар және қаптарға оралған дериваттардың фотосуреттері (тәркіленгенмен бірдей) бар.

      Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу амалдары жалғасады.

Жергілікті полиция қызметі
17 января 2024
Жол қауіпсіздігі - басты назарда

      Жергілікті атқарушы органдар, тәртіп сақшылары мен үкіметтік емес ұйымдар қоғамдағы мәселелерді бірлесе шешуі тиіс. Осыған байланысты БҚО Полиция департаментінде Жергілікті полиция қызметкерлері қоғамдық бірлестіктердің мүшелерімен кездесті. Кездесу барысында қатысушылар бүгінгі күні өзекті мәселе болып табылатын тақырыптардың бірі –жол-көлік оқиғаларда қаза болған адамдар санының артуын ерекше назарға ала отырып, оларға қалай жол бермеу амалдарын қарастырды.

      Бүгінде жол-көлік оқиғалары салдарынан адамдардың мерт болу факторлары автокөліктер санының өсуімен бірге көбейіп бара жатқандығы жасырын емес. Өкініштісі, қаза тапқандардың басым бөлігі еңбекке қабілетті жандар. Бұл жөнінде БҚО ПД ЖПҚБ бастығы полиция подполковнигі Е.Сұлтанғалиев тілге тиек етіп: "Ағымдағы жылдың басынан 12 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соның ішінде 12 адам қаза тауып, 22 жан әртүрлі дейгейдегі дене жарақаттарын алды.Мұндай қайғылы жағдайдың жиі орын алуына темір тұлпарды тізгіндегендердің жол ережелерін сақтамауы себеп болып отыр"-деп атап өтті.
Осыған байланысты «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мұштанова Гүлбаршын Мақсотқызы алдымен жаңадан жүргізуші куәлігін қолына алған жүргізушілерге, кәсіби жүргізушілерге, такси қызметімен айналысушыларға, автомектептерде оқитындарға жол ережесімен қатар жолда жүру мәдениетін қалыптастыру бағытында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру қажеттілігін айтты. Сондай-ақ, қандай да бір жол апаттары орын алған жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсетуге даярлау маңыздылығы да айтылды. Сәйкесінше, бірлесе отырып, жол апаттарының алдын алу мақсатында тәртіп сақшыларымен тренингтер өткізу, сондай-ақ, полиция сақшыларын жол үстінде қажетті заттармен (алғашқы медициналық көмек көрсету құралдары) қамтамасыз ету мәселесі жөнінде де сөз қозғалды.
Жалпы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету ішкі істер органдарының басты міндеттерінің бірі болып қала береді. Сондықтан бұл бағытта жұмыстар әлі де жалғасын табады.

Криминалдық полиция
17 января 2024
Полиция миллион доллар бопсалаған БҚО тұрғынын ұстады

      Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері етті мал шаруашылығымен айналысатын ЖШС құрылтайшыларынан миллион АҚШ долларын бопсалаған өңір тұрғынын ұстады.

      Күдікті Toyota Mark II автокөлігінің ішінде ақша алу сәтінде құрықталды. Көлікті тінту кезінде сол жақтағы алдыңғы жолаушылар орындығының қалтасынан 4 млн теңге тәркіленді. Сонымен қатар қаскүнемнің барсеткасынан 50 мың теңге табылды.

      Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр (Бопсалау). ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Криминалдық полиция
10 января 2024
Батыс Қазақстанда 62 ірі қараны қолды қылған қылмыстық топ ұсталды

      Батыс Қазақстан облысы криминалдық полиция қызметкерлері Теректі ауданына қарасты Ақжайық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе БҚО Теректі ауданы аумағында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топты анықтап, қолға түсірді.
     Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында үш адамнан тұрған қылмыстық топ қазан және қараша айларында еркін жайылыстан Теректі ауданының тұрғындарына тиісілі ірі қара малын ұрлап кеткен. Тексеру барысында мал ұрылары 62 ірі қара малды жымқырса, оның 8-і күдіктілердің қораларынан табылды. Ұсталған азаматтардың біріне тиесілі Toyota Hilux автокөлігі, сондай-ақ күдіктілер ұрланған ірі қара малға айырбастаған Ford автокөлігі тәркіленді. Сондай-ақ ұрланған малды сатып алып жүрген мал сатушы анықталды. Ол ұрланған малды нарықтағы төмен бағамен сатып алған. Ұсталған азаматтар уақытша ұстау изоляторна қамауға алынды.

      Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталып жатыр. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жергілікті полиция қызметі
10 января 2024
Оралда жүргізуші куәлігінен айырылған азамат есірткіге мас күйде көлік басқарған

      Орал қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізушіні есірткіге мас күйінде ұстады.

      Осы жылы қаңтардың 7-не қараған түні сағат шамамен 01:30-да Мөнкеұлы көшесінде, Орал қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 35 жастағы Орал қаласының тұрғынының басқаруындағы Hyundai Elantra автокөлігін тоқтатады. Жүргізуші медициналық куәландыруға сәйкес есірткіге мас күйде болған. Сонымен қатар өткен жылдың қыркүйек айынын бастап 6 ай мерзімге Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысы бойынша көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды.

      Құқық бұзушыға қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уыт құмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

      Аталған бапқа сәйкес, көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлік құралын басқаруды осындай адамға беру, сол сияқты осындай адамның көлік құралын басқаруына лауазымды адамның немесе көлік құралы меншік иесінің не иеленушісінің жол беруі – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың екі жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Енді ол көлік құралын басқару құқығын тек 7 жылдан кейін ғана ала алады.

      Айта кету керек, осы жылдың басынан осыған ұқсас 3 жағдай тіркелді.

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы